Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

«Сәлеметсіз бе, Серік аға? Сізді көп жылдан бері іздеп жүр едім. Жақында ғана ұялы телефоныңыздың нөмірін тауып, қуанып қалдым. 2008 жылы Сіз Төретам ауылында сырқаттарды емдеген кезіңізде, мен төрт айлық нәрестеммен бара алмаған едім. Омырауым ісіп, сыздап, қызуым көтеріліп, қатты ауырып жүрген кезім болатын. Басқа амалым болмағандықтан, жолдасымның төс қалтасына өзімнің суретімді салып жібергенмін. Сол түні кеудем үш жерден тесіліп, үлкен тесіктер пайда болды. Таңға дейін ішінен ірің ағып, өзінен-өзі тазарды. Мен ол кезде жаспын, қорыққаннан дәрігерге де бармаппын. Осы жағдай қаншама жыл өтсе де, есімнен кетпейді. Сізге әдейілеп барып, алғыс айтуды парызым деп санаймын. Тек мынау күйкі тірліктен шыға алмай, сол кездесуді кейінге шегеріп жүргенім үшін кешірім өтінемін». Бұл - бір ғана Мейіргүл замандасымыздың Серік Қалабайұлына алғыс айтып жазған хатынан үзінді. 
     Ол кісіге келіп жатқан осындай алғысқа толы хаттарда сан жоқ! Иә, адам баласы денсаулықтың қадірін ауырғанда білетіні рас. Ауырған адамға сән-салтанатқа толы сарайдың да, қымбат шетелдік автокөліктің де, асыл тастар мен бағалы жиһаздардың еш қажет емес. Бір ауыз жылы сөз, мейірімді жүрек пен шипалы алақан ғана керек ондай кезде. Әсіресе, жаныңды қоярға жер таппай қиналып, шыбын жанды шүберекке түйген сәттерде адамға жылағанды жұбатып, ауырғанды дертінен айықтырған, сүрінгенді қолтығынан сүйеп, құлағанды тұрғызған қасиет иелерінің орны бөлек! Біз әңгімемізге арқау етіп отырған халық емшісі, ел аузында Ақ Әулие атанып кеткен Серік Жұмахметов осындай адам! Атақты Жанғожа батырдың: «Ақтан келді қасыма, ақ күн туды басыма» деген афоризмге айналып кеткен бір ауыз сөзін білмейтін қазақ кемде кем шығар. Ақша бұлты қайда жүрсе де төбесінде бірге ілесіп жүретін Ақтан батырдың жиені, қасиетімен талайды қуантып, талай жанның өлгенін тірілтіп, өшкенін жандырған Серік Қалабайұлы - бүгінде ел арасында белең алған қатерлі ісікті де тізгіндеген халық медицинасының ірі өкілі. 
    «Сәлеметсіз бе, Серік мырза?! Мен - Жақсыбаева Гүләй Рахметқызы Сайрам ауданы, Манкент ауылының тұрғынымын. 1967 жылдың шілдесінде дүниеге келіппін. Өзімді мазалаған жоғары қан қысымы көтеріліп, әрі бүйректе еттің өсуі, қуық ауруларымен 2019 жылы қатты ауырдым. Өзіміздің емханада ем-дом қабылдағанмен, ешқандай нәтиже болмады. Жүре-жүре аяғымда ісік пайда болды. Емделіп жүрген дәрігерім УЗИ аппаратына түсуге кеңес берді. Оң жақ бүйректе ет өскен деген диагноз қойылған соң, дәрігеріме қайтадан бардым. Ол енді МРТ-ге түсіңіз деп, жолдама берді. МРТ-да бүйректегі өсіп тұрған еттің онкологиялық өсінді екені анықталды. Оған ота жасамаса болмайды десті дәрігерлер. Қатты қиналып жүрген кезімде Серік Қалабайұлын жолықтырып, тамыз айының 13-нен бастап, ем-домын қабылдай бастадым. Сөйтіп, екі ай өтіп кетті. УЗИ-ге түсіп едім, қан қысымым 120 да 80 болыпты, ал бүйректегі өсіндінің кішірейгені байқалды. Ем-шараны одан әрі жалғастырып, тағы да екі айдан соң тексерілген кезде бүйректегі өсіндіні таппаған дәрігерлер бірнеше рет тексеріп, таң қалды. Әуелі Алла, қалса Серік ағаның ем-домының арқасында аман-есен жүріп жатырмын. Сізге Алланың нұры жаусын!» 
   Иә, Ақ Әулиеге келген алғысқа толы хаттардың тізбегі осылай жалғаса береді. Кемді күн мынау жалған дүниеде үй-күйсіз қаңғырып қалған жандардың есін жинатып, ақыл-кеңесімен, ақ батасымен рух беріп, үй алуына, қоғамдағы орнын табуына көмегін тигізсе, енді бірде адасқан жанды үйіріне қосып, татулық пен ынтымақтың шамын жаққанына куә болып, сүйсіне қарайтынымызды қалай жасырайық?! «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халқымыздың қанатты сөзі осындай жандарға арналған екен-ау деген ойға берілуге тура келеді ондайда. 
       «Халық сүйіспеншілігіне бөленіп, Ақ Әулие атанған Серік Қалабайұлына!
Мен, Дәрменова Алтынай Ахмет қызы - Шымкент қаласы, Достық ықшам ауданы турғынымын.  1977 жылы туғанмын. Қадірлі Серік ағаға жүрек жарды алғысымды жеткізсем бе деп едім. 2018 жылы көкірек тұсымнан катты мазалаган соң онколог дәрігерге көрінуге бардым. Олар екі омырауымда ет өсіндісі өсіп жатқанын айтып, дәрі-дәрмек берді. Тоғыз ай өте кайта тексерілуге бардым. Олар КТА-ға түсіріп, омыраудағы ісіктің өсіп, үлкейгенін, одан өкпеге өтіп, өсіп жатқанын айтты. «Онкологиялық ісік, операция жасаймыз, екі кеудедегі, өкпедегі ісікті аламыз. Бірақ жақсы болып кетуіне кепілдік бере алмаймыз» деп ескертті. Оның үстіне, тамақ астынан ісік пайда болды. Ішім ісіп, енкеюім қиындап, құлап қала беретін болдым. Бауырда - гепатит Б, С, Д. Қан қысымы 90/60-қа тусіп, әбден есімнен тандырды. Күндізгі уақытты итшілеп өткізем-ау, түн өте ауыр болды. Тек «өлем-ау, енді қайтем, қайда барам?» деген ауыр ойлар азапқа салды. Таң атқанша ауру жаныма батып, шыдатпай,  қан жылайтұғынмын. 
Алла көз жасымды көрді ме, мені ел сыйлаған, халық құрметтеген Серік ағаға жолықтырды. Неге екенін түсіндіре алмаспын, ол кісімен кездескеннен бастап, етегім тола көз жасымның тыйылғанын аңғардым. Алланың мейірімінде шек бар ма?! Бір ғажабы, менің жан азабым ол кісінің бойында да болып жаткандай, дөп айтқаны... Өзінің жаны шығып кетердей шырылдап, жаны қалмағаны менің есеңгіреген есімді жыйғызып, етек-жеңімді қымтатты. Ол кісінің тура алдына барғаннан кейін, бір жарым айда ауа жетпей, құлап кала беретінімнен құтылдым. Жас күнімде болмаған жағдай, қан қысымым 110/70 болды. Бес ай өткен кезде онкологиялық ауруларды тексеретін КТА- ға түсірді. Өкпедегі 1,5 мм ісіктен 0,7 мм калган, ал омыраудағы толған ет өскінінен еш белгі қалмаганын таңырқаса  отырып жеткізді дәрігерлер. 2021 жылы қыркүйекте, яғни,  тоғыз ай өткенде Серік Қалабайұлы: «енді дәрігерге көріне берсең болады, ем бітті» деп ескертті. Онкология ештеңе таппады. Өкпе тап-  таза, бүйректегі өсінді ет, бауырдагы гепатит Б-С-Д-дан еш белгі қалмаган. Зоб, аяқтағы варикоз жоғалып кетті өзінен өзі. Дәрігерлер осы кү ге дейін қайран қалады. «Елеусіз қалганнан көрі, ескерусіз қалган жаман» демекші, Сіздің ажал құрығынан аман алып калған ізгі ісіңізді ескерусіз қалдырғым келмеді. Сол уакытта көздері жасқа тола жаутаңдаган ұл-қызымның қазіргі қуанышында шек жоқ. Серік Жұмахметов - нағыз аңыз адам! Ұрпағымның ұрпағына аңыз ғып айтып өтем бұл адамды. Мына бір қым қуыт, қиын уакытта қанатымен су сепкен қарлығаштай ниетін ешқашан кір шалмағай! Ұрпағымен мың жасағай!»
Ауырған адамға бар дүние тарылып, жарық әлем түнек болып көрінетіні жасырын емес. Оны адам баласының бәрі де басынан өткізгені ақиқат. Сол тарылған дүниені кеңітіп, түнерген әлемді нұрға толтыратын, Алла қасиет дарытқан санаулы адамдар болады. Сол санаулы жан тек қысылған кезде жаныңыздан табылсын деп тілеңіз! Серік Қалабайұлы қазақ баласын жанындай жақсы көреді, өз ұлтын жүрегімен сүйіп, қадірлейтіні соншалық, қазақтың ұл-қызының табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын деп тілейді. Ал, дәл осылай тілек тілеу екінің бірінің қолынан келмейтіні баршаға аян. Оңаша қалған сәттерде ойға шомып, өткенін ойша сараптап, бүгініне зер салады. Келешектен ұлтымның туған халқымның шығар биігі, алар асуы жоғары болса екен деп тілейді. 
     Серік Қалабайұлының оңашадағы ойлары:
       Үш қызылшаның сыртын тазалап, аздап тұз қосып суға пісіреді. Екі орташа жуаны әбден майдалап турап, қызылшаны да ұсақтап аздап тұз, 2-3 тамшы сірке суын, шәй қасықпен зәйтүн майын араластырып салат жасау керек. Іш қатуынан сақтайды, ішкі құрылысқа ем және іштегі майды тез кетіреді.
     ***  
     Біз ұқпайтын беймәлім бақыт ақ ниеттілік пен сыйластықтың шынайылығында болар, сірә! Әрине, ол беймәлім бақытты ешкім ешуақытта бойына бұйдалай алмас. Бірақ пейіл ақ болып, ниет таза болса ғана бойға құт болып бұйырарына сенім мол. Себебі, сенім – өмір шырағы. Ал, оны сөндіріп алмау – сүйіспеншіліктің шынайылығынан болатын нәрсе.
      *** 
      Қайырлы Күн! Саулықтарыңды тілеймін, қазағым! Алла абырой, амандық, ырзығынан айырмағай!
     Қанағатты қанат ете біліп, қу заманда қулықтың құлы болмай, елірген ессіздіктің етегінен ұстамай, аласұрып адамшылықтан аттамаған жан ғана жарқырай да, жайнай да, жақсылықтың жаршысы да бола алады.
      Мына бір беймәлім жарық жұмбақ жалғанда адамзат аңсаған арманының ақиқаты - өз ұлтының рухының ұлылығын ұмсындыра біліп, тал бесік пен жер бесік аралығындағы ғұмырының ұясын бұзбай, топырағын былғамай, суын уламай ғұмыр кешу. Иә, ғұмыр бойы құлшылық жасап, табынып, Тәңіріден тілеп өтер тілегіміздің тұнығы да осы емес пе? Олай болса, ғұмырымыздың құндылығы, тіршілігіміздің тынысы - Тәңірі сүйіспеншілігін санамызда сақтай білейік.
     *** 
     Ағыбай! Сол бір бала кездегі әппақ ниетіміз бен шынайы сәби сезімімізден туған шынайылықты шарқ ұрып аңсап, сағынып жүргеніміз даусыз. Мына бір дөңгеленген қу дүние санамыздан сол бір әдемі де әсем, сұлу да сүйкімді сезімдерді қызғанып, қуып шықты ма екен, қалай?
       Қаншама арып-ашып, алып ұшып дос көңіл табуға ұмтылған ақ ниетімізді жетесіздік пен жүгенсіз жәйттердің жетелей жөнелетіні неліктен?! Қаншама сағына күткен күндер мен түндердің, айлар мен жылдардың сағыныш емес, сағымызды сындырар сәт сыйлайтын жәй ғана кездесу болатынын әсте ойламаппыз-ау! Қайран, кеңпейіл, дархан сәби сезім-ай! Бәлкім, бұл өзегін өртеген өкініші өзгені өлтіре алмаған өзімшілдіктен көш ілгері қоныстанған көңілімізді көре алмаған немқұрайдылықтан туған шығар?! Бүгініне ғана бойұсынып, ертеңінен бейхабар бейшараның шарасыздығы емей немене? Олай болса, жапан түзде жел жетегіне жарыса жүйтки жөнелген қу қаңбақтай күй кешу жақсылық атаулыға апарып жолықтырмасы анық. Иә, күйбең күйкі қу тірлікте тілеуқор, тілекші тірегің көк Тәңірі екенін тани білу – бебеулеген болмысыңды байыпқа түсіріп, рухани әлеміңді жарқырата жайнатары даусыз. 
     Дегенменде, сол бір шынайы сүйіспеншілікті қадірлей де қастерлеп, Аллалап соққан жүрегіне сақтай білген өзіңді мақтан тұтам, Досым! Мына бір беймәлім жарық жұмбақ жалғанда біз аңсап күткен шынайылықтың сәні ендігі жерде ұрпағымыздың өн бойында өрбігей деп тілейік Тәңіріден, досым!
     ***
       Сол көрініс: қырық жыл көрмеген кластастар, яғни, біздің ұлдар мен қыздар... Жәй көзге ештеңе аңғармайсың... Мен болсам, дос құшағын сағынған, көрісуге асыққан жүрек лүпілін күткем... Бәрі керісінше өрби берді. Тұңғиыққа батып, түсінен шошына оянған жандай жағамды ұстадым. Иә, алыста жүрмін... Неге бірге жүре алмадық? Сірә, аса қамқор, ерекше мейірімді бір Алла алдын-ала алауыздық пен арсыздықтан, қыңыр да қисық сайқымазақтықтан сақтаған екен-ау...
     *** 
     Жарық жұмбақ жалғанның жағымсыз жәйттері сағыңды сындырмағанмен, жүйкеңді жұқартары жұмыр басты пендеге жұмбақ емес. Иә, көңіл соқырлығы мен сана таяздығы Құдай қосқан қосағың болса да қас-қағым сәтте қайғы құрсауына қамай салудан тайынбайтындығы түйсігі бар пендеге аян екендігі ақиқат. 
     ***
      Ал, сенім - өмір шырағың. Олай болса, сенім артқан жанның өмір шырағын сөндіруі – қисық, қыңыр, көргенсіздігі емей, немене?! Осындай жандардың да Құдайға құлшылық ұрып, Жаратқанға жалбарынып, жанұшырып жүргенін көргенде қалай жағаңды ұстамассың?! Тәңірді – тозғанына, Әруақты – азғанына санап жүргенде өзінен өрген ұрпағынан қайғы мен қасіреттен басқа не күтер дейсің, тәйірі?!
      ***
      Таң қылаң бере құбыла беттен қоса көтерілген қаңтардың қара суық ызғарлы, үскірік желі өңменнен көктей өтіп, ес жиғызып, етек-жеңді жинатар емес. Тіпті, ауылға қарсы беттегі қаншама жыл бойына қуғын-сүргінге де қайыспаған қараталда атасының ақысы қалғандай, бүкіл бұтағын бебеулетіп, сүйек-саяғын сықырлатып әкетіп барады. Әрбір өршелене өршіп, қайта ұмтылған сайын қараталдың бұтағындағы күзден қалған қауқарсыз жалғыз жапырақ бейне бір бұйдасыз, ауызынан ақкөбік шашырай бұрқыраған қара Бураның табанында тапталып қалар жетім лақтай безілдейді. 
      Күн кіші бесінге таянған тұста қараталды түбімен қопарып тастамақ түгілі, оның күзден қалған қауқарсыз жалғыз жапырағын да жұла алмасын сезді ме екен, жоқ әлде болмаса, өзінен де өктем өзге бір күштің барын байқады ма, ішін тарта кейін серпілді. Осы бір сәтті аңсары ауа аңдып жатқандай қараталдың жүдеу бұтағындағы күзден қалған қауқарсыз жалғыз жапырақ «осыншама үрейімді ұшырып жүрген не болды екен?» дегендей, бір көрініп, қайта жасырынды. Жасырынғаны сонша, тіпті бар-жоғы да байқалмайды. 
     Күн намазшамға таянған тұста ауыл маңынан аңдығанын ала алмаған ашулы да ызалы, аш бөрідей ұлыған қаңтардың ызғарлы қара суық желі ауыл маңынан ұзай берді, ұзай берді.
*** 
Қайырлы күн, қазағым!
Саулығыңды тілейін. 
Күндерің жайлы, 
Түндерің айлы,
Тапқаның тәтті,
Қазаның майлы болсын!
***
       Жапанда жалғыз қалғандай қатты қиналдым ғой. Ол мені былай тұрсын, тал бесігім мен жер бесігімнің аралығындағы ұямды бұзғысы келді ғой...
***
     Иә, күн екеш, күннің де шуағы түспей, көлеңке болып қалатын тұстары болмай ма? Сол секілді мен қанша ақ тер, көк тер болсам да бойымдағы бұйырым - барлығына бірдей бұйыра беретін бұйырым емес! Себебі, адам болып жаратылған соң өзіміз жығылып, жабықпай, өзгені жылатып, жасытпай жөнімізбен жүре алмайтынымыз - айтылмаса да, ақиқат нәрсе. Ол жан жарамыз бен жан азабымызды жең ішіне қанша жасырып жүргенімізбен, өзге жандарға жасаған ауыртпалығымыз ұрпағымызға құтты күні қырсық болып қиюласарын кеш пайымдап жатамыз-ау! О тоба, десеңізші! Бәлкім, «деннің саулығы - жан азығы. Өмірдің мәні мен сәні көңіл күйіңде емес пе?» деген ой түрткім осыған балағаны ма? Иә, соған меңзегені болар...
***
      Түні бойы толассыз жауған алғашқы қар маңайды түгелдей әппақ мамығына орап алды. Терезеден тым ұзақ тысқа жабырқай қараған жанарымның жәудіреген астарын тілеулес жан аңғарды ма, жоқ болмаса, алдамшы бір үміт пе?! Алғашқы жауған әппақ мамық қар жан дүниемді еріксіз баурап, тылсым әлеміне қарай жетелей жөнелді. Шіркін-ай, уақыт жан жайлауыңды осылай жүгендей жөнелсе, жұдырықтай жүрегіңнің жапырақтай жұмбақ әлеміндегі шынайылықтың шырқы бұзыларын маңайың ұғына алса ғой!
    Бейне бір айлы түнде тұп-тұнық көл бетінде ештеңеден бейхабар тынымсыз шапшыған ақшабақтай көңілімнің көлінде асыр салған тынымсыз ойлардан шаршадым ба, әлде жүрегін кірлетіп үлгермеген бес жасар баладай тым аңғалдығымды аңғардым ба, күрсінген өз демімнен өзім тіксініп қала бердім. 
    Жаным неге соншама жетімсірейсің, неге, неге?! Терезе алдында жаңа жауған ақ қардың тазалығы баурап, тым ұзақ тұрып қалдым-ау деймін... Қыламықтаған ақ қар жерге қалбалақтап қонып жатыр, қонып жатыр... Аспандағы мекенінен жерге жетуге неге асықты екен?! Осынау сапарының соңы қайда апарып соғарын білмеген көбелек қардың ендігі күні не болмақ?! Осынау ойлардан тоңазып тоңдым ба, әйтеуір, жабырқаған жаныма жалғыз жейдем жұбаныш болардай, қымтана бердім, қымтана бердім...
    Елдің алғысы
             Жамбыл облысы, Луговой ауданы халқының 1996 жылы берген ақ батасы:
Дем – лебің дем бергендей сыр аңғардым,
Содан ба, жыр арнамай тұра алмадым.
Әулием, әр ддұғаңнан әр жүрекке,
Сіңгендей көрінеді нұры Алланың!

Сол - менің иланарым, тұшынарым,
Басады қасиетіңеің мысы бәрін.
Жаныммен, жүрегіммен ұққандаймын,
Алланың саған берген күші барын.

Заманның ыластанған зар-қағына,
Халқымды жеткізсем деп арманына.
Жаратқан сені бере салды ма екен,
Қысылып, қымтырылған ел бағына.

Көңілді күдіксорған кезде ашыға,
Ғаріптің нәр сыйлардай ағзасына.
Жаратқан сені бере салды ма екен,
Жаржамбас сырқаттардың көз жасына.

Шектеулі болса әркімнің зерде, шегі,
Үмітке бастап тұрсың кең көшені.
Елім деп еміренген ақ көкірек,
Аялар алақанда ел де сені!

Атыңнан айналайын, Серік, күнім,
Асылын ардақтаудан жеріпті кім?
Өзіңді ойлағанда есіме алдым,
Таң алды жаңа ашылған өрік гүлін.

Жан сырын, ақ ниетін кім пұлдасын,
Жазып ем түрегіме жыр тұнғасын.
Күн санап мәртебесі биіктеген,
Қанаты арманыңның қырқылмасын.

Көрдің бе, ағаның сен үні-дауысын,
Білгенге ол саған деген жыры бар шын!
Ойласаң абыржыған халық қамын,
Құдайдың, қалқам, саған, нұры жаусын!

Рухани сауығуға сенімді елің,
Көтеріп тұр марқайып көңіл күйін!
Ұлтымның мақтанышы, саған Серік,
Әрқашан жүректердің төрінде орын!

1996 жылы Жамбыл облысы Қордай қаласы халқының атынан берілген Ақ бата:
О бастан дәстүрі мен салты ғажап,
Жақсысын қастерлемеу халқыма жат.
Атыңнан айналайын, Ақ әулие,
Қасиетіңе бас исін жалпы қазақ!

Тәтті жырым төгілсін таңдайдағы,
Қазақтың бір ұлысың маңдайдағы.
Сізді ардақтап, маңдайға көтереді,
Барлық ұлттың өкілі Қордайдағы.

Халқың үшін биікке жете бергін,
Сіз сияқты елді алға жетелер кім?!
Халық қамын ойлаған батыр бабам,
Әруағы қолдасын Өтегеннің!

Өзіңізді жер-жерде жұрт мақтады,
Аурулардың ашылды бұлт қатпары!
Ақ жол тілеп, ат-шапан тартулады,
Ноғайбай мен Кененнің ұрпақтары.

Ұлы екенсіз, Әулие, өрелі үйдің,
Жүректен Сізге деген өлең игі!
Үш жүздің әруағы қолдап жүрсін,
Әруағы атамыз Төле бидің!
Дайындаған: Жанна МАННАНОВА,
Ж. Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 
Атырау қаласы.
   
   

Күнделігіме түскен бүгінгі жазбаларым өзіме оқырмандарымның жиі қоятын сұрақтарына берген өз көзқарасымнан туындаған пікір-жауабым десем де болады. Өйткені әрбір адамның өзіндік тұжырымы, өз ойы қалыптасқан жеке тұлға екенін ескерсек, менің көзқарасыммен сіздердің көзқарастарыңыз міндетті түрде бірдей болуы шарт емес, дегенмен, көңілдеріңізден шығып, жүректеріңізге ой салып жатса, әрине, қуаныштымын! Шығармаң да бір жүрек тұсыңда аялап, бойыңдағы бар нәріңді сыйлай жетілдіріп, толғанып,толғатып, жарық дүние сыйлаған сәбиіңдей ғой, кейін де қызғыштай қорғап, қызғанып жүргенің...

Сонымен бүгінгі таңда қоғамда жиі қозғалатын өзекті мәселелердің бірі -маскүнемдік. Ғасырдың, заманның  десе де аздық қылатын шығар, мына фәни жалғанның ауыр азабы десе болады. Мен қазір толғанып, көсіліп жазуға еш ниетім жоқ, өйткені маскүнемдіктің қасіретін, зиянын саналы барлық адамзат, тіпті сол маскүнемдердің өздері де  жатқа біледі.Сол себепті де маған жиі қойылатын үш сұраққа тоқтала кетсем:
 Үнемі оқырманнан маған жолданатын сауал : «Арақты қойдыруға бола ма? Арақты қоя аламын ба?
Араққа бір салынған адам қоя алмайды, оны қойдыруға медицина да, халықтық дәстүрлі медицина өкілдері де дәрменсіз. Егер де емдеуге, арақты қойдыруға болады десем сіздерді де, өзімді де алдаған болар едім. Маскүнем өз еркімен арақты қойып кетуі мүмкін, бірақ ол енді мүлде ішкісі келмейді деген сөз емес, ол ішімдік ішуді қойған соң үздіксіз іштей өз-өзімен, нәпсісімен, әзәзілмен ауыр күресте жүргендіктен, кез-келген сәтте  жалығып не өмірдің қиындығына тап келгенде морт сынып, арақты қайта бастап кетуі де ықтимал. Маскүнемді емдеп жазу  мүмкін емес, ол тек рухы мықты болса ғана өз еркімен қоя алады. Жалпы маскүнемдік - ерік -жігері әлсіз, рухы төмен жандарға тән келеді.
Тағы бір жиі жолданатын сұрақ: «Маскүнемдік - жалқаулық па?» дегендерге айтарым: «Маскүнемдік - жалқаулықтан пайда болмайды, бұл - қате пікір. Маскүнемдік - алкоголизм деген дерт. Кейбір ауру түрлері әдетте тәнді, денені меңдеуі мүмкін, ал алкоголизм - психикалық ауру! Миды жаулап, сананы улайды. Адамның психикасының бұзылу түрі. Әлсіз, рухы төмен жандар күйзеліске ұшырағанда, тағдыр тәлкегіне тап болғанда немесе бала кезінде алған естен кетпес психикалық травмасы мазалағанда, қатты уайымнан шыға алмағанда, күлкіге қалған жағдайда, қорлық көріп, зорлыққа ұшырағанда күресе білуге жігері жетпей не сырын ешкімге айта алмаған кездерінде ішімдікке жақындайды. Жалпы біздің қоғамға спиртті ішімдіктер таңсық дүние емес, көпшілігі той-мерекелерде қуанышты бөлісіп, белгілі бір ортада ішілетіні жасырын емес. Ал, алкоголизм атты психикалық ауруға тән белгі - сырт көзден жасырын не жалғыз отырып ішу. Себебі ол адамдарда қорқыныш болады. «Көрген қиындығы қайтып орала ма?» деген қорқыныш, ұжымда не бір ортада өзін жайсыз, басқалардан төмен сезінген сәттерде, отбасындағы жанжал не зайыбымен ажырасқан сәттері, төленбеген несиелері, қайтарылмаған қарыздары, тізе берсе факторлар өте көп, міне, осы сипаттағы қорқыныштан құтылу мақсатында ішеді. Ішкен соң көңіл-күйі де көтеріліп, барлық уайым-қайғы жоқ болып кеткендей көрінеді, бұл - алкогольден болатын зардабы көп уақытша эйфория ғана. Қателесу, араққа салыну, міне, осылай басталады. Ертеңіне көңілділік ғайып болып ұшып кетеді де проблемалар ғайып та болмайды, ұша да алмайды.Өкініш қана қалады, «енді ішпеспін» деп ант-су ішеді де, кеш түсе сол баяғы маскүнем күйіне оралады, асыға оралады, сонда ғана бәрі ұмытылып, көңілі көтерілетіндей болып тұрады. Маскүнем адам  осылайша бұрынғы проблемаларына енді маскүнемдікті де қалай қосып алғанын өзі де сезбей қалады. Ертеңіне тағы іштей енді ішпеспін деп уәде береді... Кешке және мас... Бұл бір - шығып кетуге еш  мүмкіндік  жоқ, айналып жүре беретіндей шегі жоқ шеңбер.
Бұрындары жаңылыспасам, Өзбекстанда мерекелерде биік бағаналарға  арқан керіп, биіктікте арқан үстімен, тепе-теңдікті ұстау үшін қолына таяқ ұстап жүретін ойыншылар болатын. Қорқынышты көрініс, аяғын сәл қате басса, сонау биіктен жерге құлап мертікпей ме?! «Арақты тастаймын» деген маскүнем де - тура сол арқан үстіндегі ойыншыдай! Жазым басу аяқ астынан, сәл нәрсе себеп болса - құлдилаған күйі маскүнемдіктің тұңғиығына кету оңай, шығу қиын.
Қазірде халық арасында «кодировка» деп аталатын екпе және арақ ішуді қойдырады деген түрлі дәрілер бар. Арнайы жоғары медициналық, фармацевтикалық білімі бар, әрі ағзадағы  алкогольді анықтау, токсикология, сот медицинасы  саласында қызмет атқарған сарапшы - дәрігер маман ретінде айтарым, бұл екпе, дәрілер адамның ішкі мүшелерінің жұмысын бұзып қана қоймай, басты себеп - маскүнемдіктен айықтырмайды, керісінше бұлардың әсерінен сәл уақыт қана іше алмаған маскүнем кейін бұрынғысынан да жиі ішетін болады .
Мен айтар едім, алкоголизмді тек осылай дәрімен емдеу - уақытша тоқтату ғана, бірақ емдеу емес! Жалпы мен арақтан емдеймін деген бақсы-балгерлердің сөзіне де сенбеңіздер дегім келеді. Алкоголизм емделмейді, егер маскүнем өз еркімен ғана ішуін тоқтатпаса! Сондықтан ақшаны желге шашпай, дәрілермен уақытша, физикалық тұрғыда денеге әсер етіп алып, аурудың жанын емдеген жөн! Маскүнемдік - адам жанының ауруы, оны дер кезінде емдемесе, науқасты мүгедек қылып, жанындағы жандарды да ауруға ұшырататын, отбасының берекесін қашыратын қайғылы дерт. Маскүнемді бір адам емес, шама келгенше, отбасы болып бірігіп құтқарған жөн. Сәл күйзелістен не қайғыдан, не болмаса ішіп көрейін деген қызығушылықтан туындаған тәуелділік қайғылы жағдайға жеткізбей қоймайды. Мен спиртті  ішімдіктен мидың ұлпаларының бірте- бірте өліп, мишықтың өзгеріске ұшырауын ,қан айналымы бұзылып, тромбтар пайда болуын, жүрек, көкбауыр, асқазан аурулары, онкологиялық кеселдер пайда болуын, әсіресе, бауыр мен бүйректердің улы заттарды шығару жұмысы бұзылып, токсиндер ағзаға жиналып, ісіктер пайда болуын және басқаларын айтпағанда, психиканың өзгеріске ұшырап, ойлану қабілетінен, сөздерді жүйелі, мағыналы қолданып, түсінікті жеткізе білу қабілетінен айырылу қаупі бар екенін ескерткім келеді.
Сондай-ақ, емшілерге қаралу турасында жоғарыда айтып өттім, ал «жын шығаратын молда дегендерге де апармаңыздар» деп кеңес берер едім, бұл әрине, өз ойым, апарып қаратамыз десеңіздер патша көңілдеріңіз біледі. Өз ойым дейтін себебім, менің көзқарасымда Алла тағала әр пендесіне де бір жынды бекітіп берген, «Харин» деп аталатын, яғни, арабшадан аударғанда жолдас, ілесуші, жақын деген мағына береді. Әр жанның Алла тағала өзі бекіткен періштесімен қатар, азғырушы жыны да болады бойында, бұл да бір сынағы шығар Жаратушының. Тіпті ардақты Мұхаммед пайғамбарымызда (с.ғ.с.) да бар болған, оның есімі «Асляма» не «Асляму» делінген, яғни, жақсылыққа үгіттеуші  мұсылман жын екен.
Енді ойласам, ол Алладан бекітілген жынды кім Алланың әміріне қарсы келіп шығара алады?!  Тіпті басқа жын еніп денесіне, араққа үгіттесе  оны оқумен, дем салумен шығарып жіберсе де, бәрібір бекітілген өз жыны бар емес пе адамның бойында?! Сондықтан мен «оқытып, жынын шығарады» дегенге сенбеймін екен.
Дұрысы ағзаны, қан тамырларын улы токсиндерден тазалап, уақытша болса да «кодировка» қойып алып, маскүнем адамның жанын тазартумен айналысқан жөн. Медицинадан бас тартып, жын шығарушыларды, арақты қойдырамын деп елді алдаушыларды жағалаған текке кеткен уақыт пен желге ұшқан ақша ғой. Медицинаны ғасырлар бойы мойындаған  адамзат атаулы, тіпті Ибн Синаның есімінен шыққан ғой атауы да, көзі ашық 21-ші ғасырдың адамының медицинадан түк те хабары жоқ, дәрігерлік білімі жоқ емшілерді жағалауының өзі - надандық..
Үшінші әрі соңғы сұрақ: «әйел адамды алкоголизмнен емдеу мүмкін емес дегенге қалай қарайсыз?»
Жауап: «Негізінде ер адам мен әйел адамның арақты өзгеше қабылдайтындай медициналық тұрғыдан еш айырмашылығы жоқ, сол себепті де әйелдер алкоголизмнен айыға алмайды деген пікірмен келіспеймін. Рас, әйел адам эмоцияға берілгіш, сезімтал, нәзіктеу келетіндіктен маскүнемдікке тез бой алдырып алады және ағзасы  алкоголь салдарынан жиі ауруға ұшырауға бейім болып келеді, мысалы, бауыры ер адамдарға қарағанда тез бұзылады,  бетіне де ісік көбірек жиналады дегендей, сол себепті де әйел затының маскүнем екенін ер адамдарға қарағанда бірден байқауға болады». Алкоголизм -  адам баласының өзіндегі және қоғамдағы ең маңызды үш тұғырын: денсаулығын, отбасын, жұмысқа қабілеттілігін жалмайтын ауыр психикалық кесел.
Ең ауыры - маскүнемнің өзін ешқашан  маскүнеммін деп сезінбеуі, өзін кез-елген уақытта арақты не сыраны қойып кетемін деп алдаусыратуы, өзін басқалар кемсітеді, менсінбейді деп түсінетіндігі, сол себепті қатты агрессияға беріліп, алкоголь ішпесе мазасызданып, ашушаңдыққа бой алдыруы, өмірге қызықпаушылық пен үсті-басының, киімінің тазалығына мүлде мән бермей қоятындығы. Арақ болсын,сыра болсын - екеуі де алкогольді ішімдіктер. Айырмашылығы- арақ адам ағзасына жылдам, сыра баяу әсер етеді.
Олар арақтың кесірінен болған өміріндегі барлық сәтсіздіктерге маскүнемдігі емес, жанындағы жандар ғана кінәлі, тіпті  маскүнем болғандығына да солар жауапты деп санайды және отбасындағы жанашыр жандарын үнемі күйзеліске түсіріп, ауруға ұшыратады және олардың жағдайымен, денсаулығымен мүлде ісі болмайды. Міне, маскүнемнің  анда-санда ғана, бір мерекелерде не атаулы даталарда көпшілікпен ғана ішіп жүретін жандардан барлық айырмашылықтары осындай.
Әйелдер жөнінде айтып өттім, ал цирроз, варикоз, варикацеле, тамақты тәбетсіз ішу,  зәр ұстамау, түрлі ісіктер және басқаларын айтар болсақ, бұлар ер адамдарға да тән, жалпы ағзадағы бұрынғы созылмалы кеселдердің асқынуына да әкелетіні жасырын емес.
Қорыта айтқанда, бұл маскүнемдік торынан адам өзі ғана босап шыға алады. Маскүнемге дауыс көтеріп, ұрсып-сөгудің қажеті жоқ, ол қайта ерегесе түседі, жанжал шығарады немесе тіптен өзін аулақ ұстап, қашып, тығылып ішуді бастайды және аяушылықпен дегенін, жағдайын жасаудың да мүлдем қажеті жоқ, ол бұл әрекеттеріңізді міндетіңіз,тиістісіз деп бағалайды. Жанашыр болсаңыз, немқұрайлылық таныту дұрыс деп ойлаймын, сол себепті жақындары өз өмірін реттеп, өз мінез-құлқын дұрыстағаны дұрыс, қаржылай көмекті толықтай тоқтатып, жүріс-тұрысын қадағалауда ұстап, ағзасын, қанын алкогольден толықтай тазартып, жанымен жұмыс жасаған дұрыс. Жанын емдеген абзал.
Жан жарасын өзімен бірігіп жазуға атсалысып, досы болуға тырысу қажет, өйткені күйзелісте жүрген жан досқа зәру, ал маскүнемнің досы болмайды. Сол себепті  маскүнемге зіркілдеген  жаналғыш не әкіреңдеген тергеуші болудың, ұзын-сонар ақылға толы тәрбие сағатын өткізетін мұғалім болудың қажеті жоқ, маскүнемге оның бір де бірі әсер етпейді, қайта аулақ кетіп, қашып, тығылып ішуге ұмтылады, оның ақыры не қылмыс жасаумен не өліммен аяқталатыны хақ. Алкоголизм – алькогольді ішімдіктерді ішуге қызығушылықтан басталып, әдетке айналуынан туындаса да әдет емес, тән ауруы емес, күйзеліс  себебінен пайда болған психикалық дерт.
Көбіне жанашыр жақындары маскүнемге бұзақылық немесе тәртіп бұзушылық жасаған жандай ұрсып, жекіріп, күш көрсетіп жөнге салмақшы болады немесе тентектік жасағандай қатты жазалайды да, жалынады да, ақылдарын айтып, дұрыс жолға салмақшы да болады, бірақ бұл әрекеттері нәтиже бермеген соң амалдары таусылып, қолдарын  сілтеп, жайына қалдырады. Бұл әрекеттер бәлкім, арақ ішпейтін тәртіп бұзарларға оң әсер етуі мүмкін, ал маскүнемдерге қолдану тиімсіз, өйткені маскүнемдік -басбұзарлық емес, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік сияқты дерт, психикалық ауру түрі. Ал кез-келген дерт тиянақты емдеуді қажет етеді. Маскүнемнің бойын ең алдымен алкогольден тазартып, нерв жүйесін, қан кысымын, бауырын, бүйрегін, жүрегін әрі бақылай, әрі емдей отырып, дереу жанын емдеуге кірісу қажет. Нерв жүйесін, жүрегін тыныштандыра отырып, психологиялық  әдістер арқылы  бойынан, санасынан қорқыныш пен үрейді алып тастаған дұрыс. Мүмкіндігінше маскүнем адамның жанын мазалаған, жайсыздық сыйлайтын естеліктерімен жұмыс жасап, оларды түпсанасынан ажыратып, басынан өткен көңілді жадыратар оқиғаларымен алмастырған жөн. Науқастың өзіне деген сенімділігін арттырып, өз бағасын, қадір-қасиетін сезінетіндей жағдай жасау керек. Жанын ұғар досындай болып, жүзін иманға, имани қасиеттерге  бұру қажет. Сонымен қатар оны бос уақыты болмайтындай тынымсыз еңбекке баулыған абзал. «Арақ түбі-дерт, ұшқын түбі-өрт» деп халық бекер айтпаған, маскүнемдік-қоғам дерті, ол да бір ауру, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек шығар бәлкім?!

"Баян ханымның күнделігінен"
 
  

Телевизия  - ұжымдық жұмыс. Ақпараттық қысқа сюжеттен бастап, жанры мен форматы ауқымды тақырыптық тележобалардың жарыққа шығуы үшін үлкен шығармашылық топ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бірлесе еңбек етеді. Көгілдір экранға телмірген көрермен, қандай да бір хабардың кадрден тыс мәтінін жазған сценаристі, оны таспалаған оператор мен қоюшы-режиссерді немесе бейнематериалды монтаждаушыны білмеуі мүмкін. Бірақ олардың жанкешті еңбегінің нәтижесін жарқыратып, эфирге алып шығып,  ең соңғы нүктесін қоятын, тележүргізушілерді тап басып таниды. Танып қана қоймайды, өзіндік телеимиджі қалыптасқан, дауыс мәнері құлаққа жағымды, көздеріне таныс сол бір бейнені күн сайын асыға күтеді. Олар құдды бір үйлеріне сағынтып келетін сыйлы қонақ тәрізді.     

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылы 25 қазанда жарияланған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» № 456 Жарлығына байланысты құрылған өңірлік комиссияның құрамында зерттеу жұмыстарын жүргізген кезімізде біздің ерекше маңыз беріп айналысқан мәселелеріміздің бірі - Атырау қаласы мен өңірлерде 30-50  жылдары ату жазасына кесілген азаматтар жерленген қорымдар мен қауымдарды іздеп табу ісі.
Қазақта «Жаны ашымастың қасында, басың ауырмасын» деген сөз бар. Оның мәнісін жеке басым 90-жылдардың аяқ кезінен бастап, архивке отырып облыстың білім саласы тарихын зерттеу кезінен бастап ұққандай болдым. Сол кезде менің қолыма облыстық мемлекеттік архивтің қорларынан 1937-1938 жылдары ату жазасына кесілген халық мұғалімдері Алпан Құдайбергенов, Қазмұқаш Ибрашев, Өмірзақ Есмұрзин, Әбілғали Таңқыбаев, Сергей Сухарев, Рақымберді Тыншимов, Иманғали Адаев және басқа да ұстаздардың есімдері жазылған құжаттар қолыма түсіп, солардың негізінде «Фолиант» баспасынан «Азалы ақ кітап» деп аталатын еңбегім жарық көрген еді.  Ол кезде қаза болған ұстаздардың ұрпақтары өмірде болғандықтан, ол адамдардың жоғары билікке өздерінің аталарының қай жерде жерленгендігін білгілері келіп, қайта-қайта сұрап жазған хатттарын көрсем де, олардың жанайқайларына ешкімнің де мән бермегендігінің куәсі болдым. 
           

3 ішінен 6 беті