Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

«Қырыққа келдім. Қу тіземді құшақтап әлі жүрмін. Сырықтай болған бойыма, алға ұмсынған кеудеме, дөп-дөңгелек бөксеме, қысқасы, өзіме-өзім риза боп өмір сүріп, төртінші ондықтың есігін қағып, өмірдің көбі кетіп, азы қалғанын білмей де қаппын ғой. Енді тағы қырық жасайды дейсің бе? Мен өзі қазір қызбын ба, әйелмін бе? Мен қызбын, тәніме еркек қолы тимеген ұрғашымын». Әлсін-әлсін есінеп қойып, елегізіп жатқан ол — қырықтағы қырқылжың қыз Орынкүл оңашада өзіне-өзі есеп бере бастады. Көкшыбық кезінде біреуді жақсы көрді, бірақ ол бас бұрмай кетті. Өзі де наздана қарап, күлімсіреп сөйлегенде бері бұрылар ма еді, бірақ бәрін сезіп-біліп тұрып, еркек көрсе қара тастай қатады да қалады. Алматыдағы дарынды балалар мектебінде оқып жүргенде оныншы сыныпта бір оқушы бала ернінен шөп еткізіп сүйіп алды. Ернінің сол жері шоқ басқандай қыж-қыж қайнап, көпке дейін өзіне-өзі келе алмай жүрді. Сонан кейін сол баланы жек көріп кетті, ол қазір атақты математик, атағы жер жарған академик. Қазір соның сурет-бейнесін баспасөзден көріп, тірі бейнесі теледидар мен интернеттен қылаң еткенде ернін шүйіріп, өшпенділікпен қарайды, жанының бір бөлшегі солқылдап, тәнін арамдап кеткендей көрінеді. «Менің қатарларым шетінен үйлі-баранды, ұл-қыздарын аяқтандырып, атойлап той жасап жатыр, аттестат ала сап атқа қонып, «үшке» бітіре сап үй болғандар немере сүйіп отыр. Мен сол «Алгебраның» соңына түсіп, жай бөлшек пен ах2-ты айналсоқтап жүріп, не есептің түбіне жете алмадым, не өмірден теңімді таба алмадым». Аурухананың жеке бөлмесінде жатқан Орынкүл күйініп кетті. Мұңын шертіп ақтарылайын десе, айналасында ешкім жоқ, бір бөлмеде бір өзі, жалғыз адамдық бөлмеге жат жұртта қалғандай жатқызып қойғанын қарашы. Бас жағында томпиған төртбұрыш тумбочка, үстінде сорайған «Сарыағаш» бөтелкесі, қасында бөтелкені күзеткен жалғыз жылтыр стакан. «Жалғыздықтың бәрін бір басыма жазып қойған екен де» деп, өмірден өтіп кеткен анасын кінәлады. — Шешесі қандай болса қызы да сондай, «шешесін көріп қызын ал» дейді». Топырақ жамылғанына он жылдан асқан анасы өмірі отбасы туралы сөз қозғап, «бір басыңды екеу қыл» деп айтпапты. Өзі он бала туған Батыр Ана. «Он баланы асырау да оңай деймісің...». Тек сырқат жеңіп, көз жұмардан бір апта бұрын басында күзетіп отырғанда: «Сенің де арығың тартылуға таяу...» деді күбірлеп. Ол кезде сыбай-салтаң жүрісі өзіне ұнайтын, тіпті баласының боғына тайып-жығылып жүрген құрбы-құрдастарын көрсе жирене қарап, өзін солардан екі елі болса да артық санайтын. «Сөйтсем мен ақпай қалған арық секілді суға сусаған сорлы екенмін ғой» деп, жаны ауырып, пышаққа түскенде ғана өзінің осы жүрісіне есеп бергендей боп елегізіп жатыр. «Бала-шағам болса, күн құрғатпай артымнан ағылып келіп жатар еді. Кезекпе-кезек басымда отырар еді». Пышаққа түскенше он күн дайындады. Ең жақын деген екі жеңгесі, олардың бала-шағасы келді. Пышаққа түсіп, ота жасағасын үлкен жеңгесі бір рет бой көрсетті, сонан кейін бір партада отырған сыныптасы келді, онымен де шер тарқатып сырласқысы кеп еді, «Кішкенемді балабақшадан, үлкенімді мектептен алуым керек» деп, үпелектей ұшып-қонып тез кетті. Ол айналасындағылардың бәрін кінәлай бастады. «Әркім өзі үшін өмір сүреді екен ғой. Кешегі «ха-ха-ха-ха» күлкі, оңашадағы құйқылжыған әңгіме, тыртыңдап билеген көңілді кештердің бәрі қол бостағы қимыл-құбылыс екен. Отау тігіп от жаққасын әркім өзінше, шығарда жаны бөлек достарың да бөлектеніп кете береді екен, сенің ең жақының неке суын бөліп ұрттаған серігің мен тұлабойыңнан жаралған перзентің екен» деп, Орынкүл шекесіне сұқ саусағының ұшын қадап, қиял кемесі орнынан жылжи бергенде анасының мүләйім даусы құлақ түбінен сызылып естілгендей болды. Ол да сонда өзі секілді төсек тартып, ыңырсып жатқан, сонда анасы айтқан жалғыз ауыз сөздің жауабын іздеп, өз жанын өзі тергеуге салды. «Арығың да тартылуға таяу...». Отыздан асса да соған мән бермепті, енді ойласа бұл сөз қыз құзырың бітіп, перзент әкелер жолың жабылып, енді қайтып етегіңді көтермейтін сақа әйел болдың дегені сияқты. Ол көшедегі суы тартылып, қаңсып тұрған арықты көз алдына әкелді, шөп-шалам өсіп, күл-қоқыстан көрінбей қалған лас арна жүрегін айнытты. Оның қасындағы сылдырлап су ағып, жыбыр-жыбыр майда толқындар лекіген арық қандай көрікті. Онан аққан су қауындықтағы көк пәлекті көмкеріп, жеміс-жидекті құлпыртып, әсіресе, есік алдындағы қос түп өрік гүл ашып, жұпар шашқанда дүние өзгеше түрге еніп кететін. «Осы көріністің бәрін көз алдымнан таса ғып Алматыға кетіп, дарынды балалар мектебінде оқып, оны тауысқанда неге жеттім?». Оның көз алдына тағы да тақтаға бормен жазылған ах2 елестеді. «Икс» математикадағы белгісіз мөлшер болса, мен өмірдегі шешуі жоқ жұмбақпын; ах жұмбағы көп өмір болса, шекесіндегі 2 саны сияқты екеу боп, біреумен қол ұстасқанымда ғой, сол 2 саны мен үшін тек тақтадағы жұмбақ х-тің шекесінде тұрып қалды» деп, өкінішке толы ойы он саққа бөлінгенде есік серпіле ашылып, емдеуші дәрігер Орынбай кіріп келді. Жаңағы жан ауыртқан қиял мен әртүрлі елестер сытылып кетіп, айналасы әппақ әлемге малынып, қарсы алдында орта бойлы, дембелше келген, атжақты, құс мұрын жігіт тұрды.

— Қалай, Орынкүл қыз, — деді де, әй-шайға қарамай үстін жапқан ақ жайманы сыпырып тастап, қарынның ота жасаған жерін алақанымен басты.

«Осылар, оташылар, ұятсыз. Ең болмаса «ішіңді аш» деп айтпай ма. Әй-шәйға қарамай жамылғыны жұлып алады. Жұрттың бәріне сөйте ме екен, әлде тек мені ғана басына ма екен? Басы бос, ешкімі жоқ, сорайған соқа басы деп басынатын шығар».

Алақанын тыртық боп бітіп келе жатқан жараның орнына қойғанда жаны жай тапты. «Алақаны қандай ыстық. Әлде келерде бірдеңе жағып келе ме екен? Дәрігерлердің өз заңы бар ғой». Орынкүл жалғызбасты болғасын ба, күдігі соңынан ілесіп жүреді, әлде сенер ешкімі болмай әрнәрсенің әрісін ойлап үйренгендіктен бе, қашан да ақиқаттың қасынан күдік іздеу өзіне-өзі келіп, кәрі қыз атанғалы бергі дағдысы.

— Үш күннен кейін шығасың. Шығардан бір күн бұрын айтамын. Бір рет көк дәрі жағамыз, сосын көк дөнендей бүлкілдейсің, — деп тез-тез сөйледі де шығып кетті.

«Жауырыны қандай жалпақ. Қолы қандай ыстық». Бірақ, осы кісінің сөз сарынына түсіне алмайды. Әсіресе, алғаш алдына барғанда ештеңе ұға алмай дал болған. Өзінің күн өткен сайын аяғы ауыр әйелдердей іші көтеріліп келеді. Ол бірден: «Неше айлық?» — деді. Бұл жауап бере алмай бұйығып, басын төмен сала берді.

— Неше айлық? — деймін.

— Неше айлығы несі. Мен екіқабат емеспін ғой.

Ішін ұстап көрді де: «Ешқандай демалған белгі білінбейді, басқа жағың демалып тұр, ол да шаршаған» дегенде, өң-жүзі алаулап, жерге кіріп кете жаздады.

— Анализ тапсыр, — деп тілдей қағазға бірнеше жолдама жазып берді. — Соңынан рентгенге түс, — деп тағы бір белінде қызыл жолағы бар айрықша қағазға шимайлап қолын қойды. Сөйтсе бұл жатырды тексеретін ерекше жолдама екен. — Бәрін бітіргесін қайтып кел.

Шүпірлеген қағазды ұстап, бөлмеден шықты. «Қандай ұятсыз, дөрекі адам» деп жек көріп шыққанмен, қазір ғана қасынан кеткенде «шамалы тұра тұрғанда ғой» деген бір әулекі сезім әуреге сала бастады. Сол кездері бетінен басып, ағаларының үйіне бара алмай қалды, іші көтерілгенін көрген жұрт «некесіз буаз болды» деп біреуі болмағанмен біреуі сайқымазақ күлкіге сап сан құбылтары сөзсіз. Үлкен жеңгесі оңашада «Аяғың ауыр емес пе?» деп таңқалып әрі қайсар қайынсіңлісінің табиғатына жат қылықты жақпай қалам ба деп жалтақтай сұрап еді, «Жұрттың бәрі солай ойлайды, білмеймін, өзінен-өзі көтеріліп барады», — деді төмен қарап. Сонан жеңгесі аяқ астынан бәйек боп, жан-жаққа телефон шалып, біреу арқылы осы дәрігерді тауып берді. Сол жолы тілінен де, қолынан да келетін жанашыр жеңгесіне наз айтты: «Осы жасқа келгенше «Жігітің бар ма?» деп бір сұрамадың» — деді жанарын төңкере қарап. Ол болса: «Қыз-ау, сені туған сіңлімдей көрдім, көбіне Алматыда жүрдің, жігіт деген асты-үстіңе түсіп жүрген жоқ па? Айтпады дейсің, апам ғой бізді осылай артық ауыз сөз айтпауға үйреткен» деп, қайын енесін кінәлап сөйлегенде көз алдына аузы ауыр, өзімен-өзі томаға тұйық отыратын анасы көлең етті. Сонан аты-жөні жазылған қағазды қолына ұстап алабұртып келгенде көрген адамы осы — оташы Орынбай Айтуаров еді.

Жұрттың бәрі қолы жеңіл деп кәсіби шеберлігіне тәнті екен. Тіпті, ауруханада жатып, он күнде байқағаны — осындағы төмен етектілердің бәрі оны көрсе басын иіп, бәйек боп қалады. Ақ желең жамылған кәсіби дәрігерің де, инесін денеңе қадап, дәрі ытқытған мейірбикелерің де бұл дегенде ерекше бір ынтық сезіммен елпелектеп қалады. Тіпті, еден жуушы ең төменгі қызметкерлер де қарап жүрмей қызыл ернін жыбырлатып, іштей қызыққан көңілдерін білдіріп жүреді. Оның адами қасиеттерін, пышақты бағындырған кәсіби шеберлігін бәрі мойындап, бір-біріне жарыса айтқанда ауыздарынан су тамады. Орынкүлге жасаған жақсылығы да бір басына жетіп артылады. Ешқандай дәрі сатып алған жоқ, әйтпесе кісі жанынан басқаның бәрі сатулы заманда дәрі-дәрмектің бәрі аурудың мойнында, бала-шағасының аузынан жырып, шыбын жан үшін шырылдап шипа іздегендер қаншама. Өзін неге жеке бөлмеге жатқызды, соны бір сұрағысы кеп еді, аузын аша алмады, әлгінде көз алдын әртүрлі елес торлап, анасының сөзі құлағына естіліп, көңілі алабұртып жатқанда кіріп келгенде де қызыл тілдің ұшына сауал үйіріле берді. «Жалғыздығым аздай-ақ, неге жалғыз жатқыздыңыз?» деп қайсар көңілмен наз айтқысы келгенде, көрген түстей сытылып есіктен шыға берді. Қырықтағы қыз осы бір қолы жеңіл болғанмен аузы ластау еркектің құр әшейін болса да қасында тұра бергенін қалайтын сияқты, тіпті қазір көңілі әрі-сәрі боп жатқанда тағы бір кіріп келсе ғой, қалай сөйлесе де көтерер едім деп, жақындағы адамды алыстағы сағынышындай бір көруді армандап жатыр. «Маған аз жақсылық жасаған жоқ, соның бәрі жеңгем арқылы болса да...». Ота жасағасын бір күннен кейін «Саған витамин жеу керек» деп, үш қызыл алма мен үш лимон салынған жылтыр дорбаны салбыратып ұстап кеп бас жағына қоя салды. Кешеге дейін бас жағындағы жеміске қараған да жоқ, жалпы тіл үйірген тәттіні о бастан жей алмайды, жұрт қауын мен қарбыздың үстіне түсіп, тамсанып жатқанда бұл бір тілік жеп, «Тойдым!» деп аузы-басын сүрте бастайтын. Өмірде соншама тойымды боп жаралғанына дәл қазір де біреуді кінәлағысы келіп, қолын созып, томпиған тумбочканы ашып, бір алманы саусағына іліктіріп, бас жағындағы ақ сүлгімен сүрте сап, қырт еткізіп ақ тістерімен қыршып алды. «Қандай тәтті. Неге алма жемей жүргенмін?». Алматыда дарынды балалар мектебінде оқып жүргенде алма жинауға апаратын. Сонда жұрттың алма жеуден аузы тынбайтын, сөмке-сөмке ғып жатын орынға әкелетін. Бұл бір алма жеп, бір артық алма алған емес. «Мынау қандай тәтті, иісі қандай керемет!». Дөп-дөңгелек апорт лезде таусылып қап, томпиған тумбочкадағы жылтыр қалтаға тағы да қол созып еді, сырты бүдір-бүдір боп лимон ілікті. «Лимон қышқыл, оны шәймен ішемін. Орынбай ағай не берсе де жеймін» деп, тағы бір алманы алып, асыға қырт еткізгенде маржандай тісі майдалап кесіп түсті. «Бұл да тәтті екен. Қазір Орынбай ағай әкелген лимонмен шәй ішемін». Ол жәймен кереуеттен көтерілді. Іші төмен түсіп, бұрынғы сыптай қалпына келіпті. «Бұл — жатыр түтікшелерін қаптаған сарысу, сонан ісік пайда болған, бұны сылып тастаймыз» деген Орынбайдың даусы құлағына келді. Сөзбұйдаға салмай сылып тастады. «Бұл неден пайда болған кесел?» деп ота жасардан бір күн бұрын қасына кеп, көңіл-күйін білгенде сұрап қалды. «Бұл — табиғи қажеттілік бұзылғаннан болады, түсіндің бе?». «Жоқ!» деп есеп шығарғандай нақты айтты. «Әйелдік міндетіңді уақтылы орындамағаннан болады». Тағы да төмен қарады. «Бұл кісі менің қыз екенімді білмей ме? Әрине білмейді. Мен де бір...» деп өзін-өзі кінәлады да, не де болса ағам мен жеңгемнің алдына ішім көтерілмей тезірек жетсем екен деп асықты.

Тәй-тәй басып, қызыл еденге табанын тигізді: «Қазір әжетханаға барып келгесін лимон сап шәй ішем. Лимонның дәмі қышқыл, сонда да ішем. Ішіп отырғанымды көрсе ғой, тіпті бірге ішсе ғой» деген масаң сезім де мазалап, маңында шыр айналып жүріп алды. «Бірі тәтті, бірі ащы екенін біліп тұрып бірге әкелгенін қарашы. Менің тірліктегі үлесім осындай ғой» деп әдеттегідей кәрі қыздың әуенімен бастай берді де, өз-өзінен сап тиылды. «Ащы болса да ішемін. Өзі әкеліп тұр ғой». Есікке жақындай бергенде босағадағы үйрек тұмсық дәрет сындырғышты көріп, жиіркеніп кетті. «Бұны да көрдік. Енді барар жерге өз аяғыммен барамын. Кеше келгенде «енді тұруға болады» дегенсің». Сықырлап есік ашылды. Отадан кейін аурудың өз аяғымен жүріп, әжетханаға баруы үлкен олжа, бұл дәрігердің мерейін өсіреді. Дәліздегі мейірбике бөлмесінің есігі ашық, өзі іздеген Орынбай ағасы екі ақ желеңдінің ортасында жайбарақат шәй ішіп отыр екен, тәй-тәй басқан сәбидей қызыл еденді қуана басқан емделушіні көріп, ол да қуана қарады. «Бүгін тәй-тәй бассаң, ертең аяғыңды көтересің» деп бұған қарап айтқан дөрекі сөзі ызыңдап құлақ түбінен өткен кезде, оны қасындағылардан қызғанып кетті. Кібіртіктеп басып бара жатса да жан-дүниесі атойлап, анау бірге шәй ішкен екі әйелден арашалап алғысы кеп, бойына ересен бір күш бітіп, адымын ширата түсті.

***

Орынкүл моншадан келді. Пышаққа түсіп, ота сәтті болып, өзіне-өзі келгелі ағыл-тегіл боп терлеп, алғаш жуынуы. Жатыр қуысынан түйдек-түйдек арам ет пен сарысу шығыпты, кесел кеткесін тұлабойы жеңіл тартып, ауырлықтың бәрі артта қалып, жаны жай тапты. Басқан ізін аңдып жүретін қазақы жердің жеңіл ауыз сөзуарларына да мысал болмай пәледен тез құтылды, аға-жеңгенің де ар-ұятына масыл болмай бәрінің сәтін салды. Ол осы үшін-ақ оташы Орынбайға ырза, тіпті өзін оның алдында өтелмеген парызы бар пендедей санайды, ырзалығын білдірейін десе көңілі ырық бермей, оның алдында тілін тістеп қалады. Моншаға терлеп түсті, арам тер қысып барып еді, ағыл-тегіл боп бітеліп қалған нүктенің бәрі ашылды. Буға кірмес бұрын тазаланып ап, тұлабойындағы кір атаулыны кетірді. Иіссабын жағып жөкені көпіршітіп ап, әлсін-әлсін сымдай тартылған денесін ысқылады, қарын тұсында тартылған қол басындай сызық бірте-бірте көмескіленіп барады, тіпті пышаққа түскенін қадалып қараған көз болмаса екінің бірі білмей де қалады. Сол дене тыртығын білетін біреуді ертең үйіне қонаққа шақырды.

— Тақырыбы не? — деп еді, тағы да сасып қап:

— Үйді көрсетіп, дәм татқызу, — деді тақтаға шыққан баладай таңдайы тақылдап.

— Қай шамада?

— Өзіңізге қай шама ыңғайлы?..

— Жарайды, сенбіде, кешкі 18-де...

Содан бері алабұртып, мазасы кетті. Дастархан мәзірін дайындап, шөп-шаламнан иілтіп үйшік тұрғызды. Жалғыз болса да ас-су әзірлеуде қолы жеңіл, бармағы балды еді. Жеңгесі де қадірлі қонағы келгенде өзін шақырып ап, қазан-ошақтың басына қояды. «Орынкүл басқан палау өзбектікінен бір де кем емес» деп жегендер бас бармағын шошайтады. Шынында, өзі басқан палаудың дәмі таңдайдан кетпейді. «Сыр күріші — ел ырысы» деп, осы жолы да палау басуға әзірленді. «Ет берсем, алдына бас тартуым керек, маған ол кісінің үйіме бас сұққаны керек». Әуелі моншаға баруға бекінді. Денедегі кірден арылса, өмірді жаңаша бастайтын секілді, әр барған сайын тұлабойы жеңілдеп шығып, көшені сергек адыммен аттайды. Бұл жолы жеке бөлмеге алды, дене тыртығын ешкімге көрсеткісі келмеді, буда отырып бусанып, өзімен-өзі боп сырласқысы келді.

Ыстық бу бойын босатып, біртүрлі маужырап барады. Есігінен кіріп келе жатқан ақ желеңді оташыны елестеткенде тіпті тұлабойы босап, бір жылан жыбырлап, көкірек тұсынан төмен жылжыды. Денесін жиырып, бір уыс боп кіндік тұсында тұрып ап, керіліп-созылып, тағы да жоғары өрмеледі. Қос анарының ортасына кеп, басын көтеріп, екі анарының ұшына шошақ тілін кезек тигізгенде тұлабойы жылан шаққандай дыз етіп, орнынан ұшып тұрды. «Қой, шығайын. Ол ақ желеңімен келмейді ғой» деп, енді ақ көйлек, қара костюм, қызыл галстук таққан бейне есіктен кіре берді. Оның ақ желеңсіз жүрген кезін көрмепті. «Шығайын. Біртүрлі бойым босап бара жатыр. Қонағымды күтейін». Ағыл-тегіл боп аққан терін сүртіп, денесі де, жандүниесі де жеңілдеп моншадан шыққанда енді тұп-тура бір тәуліктен кейін онымен кездесемін деп көңілін демдеді.

Үйге келгесін де төсекте жайбарақат жата алмады. Буда отырғаннан бетер бусанып, көкірек тұсында желп-желп еткен жылы леп есіп, бүдірі жоқ бір дөңгелек тұлабойында зыр қағып жүріп алды. Сол қос анардың арасынан төмен түсіп, кіндік тұсқа жеткенде шым бұлақтан шым-шымдап шыққан мұздай судай бір нәрсе шымыр ете қалады да, өз-өзінен бұрқ-сарқ қайнап тұрып алады. Сосын әлгі дөңгелек қайта шыр айналып, бәрін басып-жаншып, ақ тамаққа қарай өрлейді. Көз шырымын алсам деп кірпік айқастырып еді, ұйқының аулы тіпті алыс көрінді. Көзін ашып қалғанда кереуетімен қатар жер бауырлап жатқан қарала мысықты көрді. Жер бауырлап ап тырмысып жәймен жылжиды. «Ұрғашы мысық, маужырап жүр, обал-ақ». «Бір апта ұстай тұршы» деп көршісі тастап кетіп еді, «осы көршім де қызық» деп әдеттегідей жалғызілікті кәрі қыздың мақамына сап біреуді кінәлай бастады. — Өзі үбірлі-шүбірлі. Өзінің бір аяғы ақсақ. Комбаин айдап жүргенде байқаусызда мертіктіріп, кесіп тастап, темір аяқ салған. Өзінің сегіз баласы бар. Қыдырудан қолы тимейді. Ақсақ болса да менен бақытты» деп бір қойды да, жер бауырлап тырмысқан мысықты аяп кетті. — Жанын қоярға жер таппай жүр ғой, сорлы. Бір аптада келемін деп еді. Бір басында бірнеше үйі бар, осы үйді де ардагер ретінде атын атап тұрып әкімшілік берген. Қыздары кезек тұрады, көбіне бос. Мына мысыққа обал, бұны неге ауылға апарып тастамайды екен, келгесін айтам» деді де, бір ой төбе құйқасын тағы да шым еткізді. «Тышқан ауласын деп тастам кеткем» деген ашық көңіл әйелдің нақты жауабы құлақ түбінен саңқ етіп, ойының быт-шытын шығарды. — Ақсақ болса да сол менен бақытты». Лездемде келген тағы бір тосын ой көңіл қаяуы мен алпыс екі тамырды тырналаған тікенді суырып алып кетті. «Ертең оташы Орынбай Айтуаровпен кездесем. Ол менің үйіме келеді» деп, өзін-өзі төмен етектілердің ішіндегі ең ілкімдісі санады. Бойында бар шалттықпен ұшып тұрды да, асүйге кіріп, сәбіз аршуға кірісті. Үп-үшкір қоңырқай сәбізді пышақпен қырып, жұмырлап, жалаңаштап отырып, бұл дүниеде дегені болған біреу болса, мен шығармын деп өзін-өзі Көкке алып ұшты. «Оның келуіне бір тәуліктен де аз уақыт қалыпты. Есіктен кіріп келе жатқанда қалай қарсы алар екенмін» деп, бір ой санасына тақ еткенде сабы жуан үшкір пышақ қолынан түсіп кетіп, резеңке еденге кірш етіп қадалды. Қызыл сәбізді алақанына қысып ұстап қалған Орынкүл «Мен осы қайда тұрмын?!» деп қобалжыған көңілін басу үшін бір жұтым суды сіміріп сап, теңселіп тұрған пышақты жұлып ап, жалт етіп сыртқы есік жаққа қарады.

***

— Қона жатуға бола ма? — дегенде Орынкүл сасып қалды. Қонақпен қосылып ішкен жүз грамм коньяк тұлабойында арлы-берлі жүгіріп, жүрегі қатты дүрсілдей бастады. «Алмас қылыштың үстінде отырғанда ойымды қалай дөп бастыңыз» деп көзін төңкеріп бір қарағанда, «Енді бір жүз грамнан алып қояйық, сосын төсек сал», — деді қонағы. Орынкүл қонағы құйған коньякті жартылай ішті де, асып-сасып, рюмкені қойғанда оны су толы маңғаз фужермен соғыстырып алды. «Бұл кісі мені қыз емес деп отыр ғой, мен қызбын, қырыққа келсем де қызбын» деп қызу көңілмен іштей қайталап, ыдыс-аяқты жинауға кірісті. Қонағы балконда тұрып, түнгі қаланың ызғарлы желін жұтты.

Төсекті салып болып, диванда отырған қонағының қасына кеп: «Дайын» деді берілген тапсырманы тап-тұйнақтай ғып орындап, жақсы сөз күткен оқушыдай емексіп. Бұл оның бала күннен бергі дағдысы.

— Сен өте ұқыпты әйелсің. Ұқыпты есепшісің, — деді қолын созып, өзіне қарай тартып, иықтасып отырғаннан кейін. — Неге осы кезге дейін бас есепші болмай жүрсің?

«Әйелсің» деген сөз тағы да шаншудай қадалды. «Мен қызбын, қырыққа келсем де қызбын» деп ішінен әлденеше қайталады да, сауалына қызу көңілмен жұлқына жауап берді.

— Бас есепшілікті қайтем. Ол қай басыма керек. Физмат мектебін беске, институтты қызылға бітіргенде жетпегім бас есепшілік пе?! Кімді асырай алмай жүрмін?!.

— Таусылма. Пессимист болма, — деп ол қараңғы бөлмеге қарай жеңінен тартты. Қыз ілесе берді.

— Қорқып тұрсың ба? Не болды сонша еркек көрмегендей. — Ол дір-дір еткен бәденді қыздың шашынан сипады.

— Орынбай аға, мен қырыққа келсем де қызбын...

— Ертек айтпаңдаршы осы. Біздегілер де шетінен ертекші, —дегенде, көз алдын ауруханадағы ақ желеңді үлкен-кіші әйелдер кес-кестей бергенде, жан-дүниесі біз сұғып алғандай шым ете қалды.

Іле-шала қыздың жан даусы шықты. Тәні ауырғанмен жаны рахат тілеп жатыр. Пышаққа да түсті, ақыры сәтті болды, енді соның бәрін артта қалдырып, жаны жай тауып, дүниеге тоят сезіммен қарасам дегендей іңкәрлік бар.

— Арығың әлі тартылмаған екен. Қырыққа келсең де...

Осы сөзді екінші рет естіп отыр. Алғаш анасының аузынан шыққанда таң қалып еді, енді қайдағы бір еркек түн жамылып тұрып тағы да айтты.

Ол жуынуға кеткенде Орынкүл әлі толық жиналмаған дастарханнан жүз грамм коньякті сіміріп сап, жылдам басып кеп:

— Менің жаным сізбен болғанды қалайды, — деп ебелек қағып, қараңғы бөлмеде ербең етті.

— Етегі лас кездері әйел еркекке өтініш айтпайды, кел, сонда да, — деп жиіркене сөйлегендей болды.

Қыз дәуренімен қош айтысқандай құлындағы даусы құраққа шықты. Қырыққа келгенде естілген жандаусына біреудің пердесін өз қолымен ашқан пенде де сене алмай тұр. Жандаусы шығып, ыңырсып, ыңыранып жатқан әйел түсініксіз бір сөз естіді.

— Менің моншағым қалай екен?! — Ол бұл сөзді ана тілінде айтпады, ұлтаралық тілде кәсіби сөзді қолданды. Әйел түкке түсінбеді. Еркек шырт еткізіп шамды жаққанда дене мүшесіне дөңгелене жабысып тұрған жып-жылтыр темір моншақтарды көрді. — Осы үшін-ақ бәрің соңымнан қалмайсыңдар. Сен де кірің жоқ кезде шақыруың керек еді, асығыстық істедің.

— Кеше ғана моншаға түскем. Сіз маған сенбейсіз бе? — деп күбірледі денесін қозғалта алмай жатып.

— Ертек айтатын жас емессің. Менің моншағым жас, кәрі деп таңдамайды, — дегенде, денесіндегі дөңгеленіп тұрған темір моншақтар өзінің мөлтілдеген көз жасындай көрініп кетті.

Ол су сарылдатып жуынды да, қоштаспастан сыртқы есікті ашты. «Үй-жайы бар ғой, тезірек жетсін» деді төсектен тұра алмай жатып.

Оташыны сонан кейін көрген жоқ. Екі рет тәнін жараласа да, дәл осы адамдай жанын жәннатқа бөлеген тірі жанды таба алмады. Тек қырықта куә болған құбылысына сенбей кеткеніне іші ашиды, сары майдай сақтаған қазынам шынымен көз алдау болғаны ма деп өкінеді де, иненің орны жазылғасын тағы бір иіліп, болған істің бәрін аңыздай ғып айтып берсем деп, үй іргесіндегі адамды алыста жүрген жолаушыдай аңсап, аһ ұрады. Кабельді теледидардан Ресей жақта тәніне моншақ таққан біреудің қыз зорлап ұсталғанын көріп қалды. Оны ешқандай ұрғашыға да, қиянатқа да қия алмайды. Сырттай иемденіп жүріп көрінгеннен қызғанатынын қайтерсің.

«Қырыққа келдім. Қу тіземді құшақтап әлі жүрмін. Сырықтай болған бойыма, алға ұмсынған кеудеме, дөп-дөңгелек бөксеме, қысқасы, өзіме-өзім риза боп өмір сүріп, төртінші ондықтың есігін қағып, өмірдің көбі кетіп, азы қалғанын білмей де қаппын ғой. Енді тағы қырық жасайды дейсің бе? Мен өзі қазір қызбын ба, әйелмін бе? Мен қызбын, тәніме еркек қолы тимеген ұрғашымын». Әлсін-әлсін есінеп қойып, елегізіп жатқан ол — қырықтағы қырқылжың қыз Орынкүл оңашада өзіне-өзі есеп бере бастады. Көкшыбық кезінде біреуді жақсы көрді, бірақ ол бас бұрмай кетті. Өзі де наздана қарап, күлімсіреп сөйлегенде бері бұрылар ма еді, бірақ бәрін сезіп-біліп тұрып, еркек көрсе қара тастай қатады да қалады. Алматыдағы дарынды балалар мектебінде оқып жүргенде оныншы сыныпта бір оқушы бала ернінен шөп еткізіп сүйіп алды. Ернінің сол жері шоқ басқандай қыж-қыж қайнап, көпке дейін өзіне-өзі келе алмай жүрді. Сонан кейін сол баланы жек көріп кетті, ол қазір атақты математик, атағы жер жарған академик. Қазір соның сурет-бейнесін баспасөзден көріп, тірі бейнесі теледидар мен интернеттен қылаң еткенде ернін шүйіріп, өшпенділікпен қарайды, жанының бір бөлшегі солқылдап, тәнін арамдап кеткендей көрінеді. «Менің қатарларым шетінен үйлі-баранды, ұл-қыздарын аяқтандырып, атойлап той жасап жатыр, аттестат ала сап атқа қонып, «үшке» бітіре сап үй болғандар немере сүйіп отыр. Мен сол «Алгебраның» соңына түсіп, жай бөлшек пен ах2-ты айналсоқтап жүріп, не есептің түбіне жете алмадым, не өмірден теңімді таба алмадым». Аурухананың жеке бөлмесінде жатқан Орынкүл күйініп кетті. Мұңын шертіп ақтарылайын десе, айналасында ешкім жоқ, бір бөлмеде бір өзі, жалғыз адамдық бөлмеге жат жұртта қалғандай жатқызып қойғанын қарашы. Бас жағында томпиған төртбұрыш тумбочка, үстінде сорайған «Сарыағаш» бөтелкесі, қасында бөтелкені күзеткен жалғыз жылтыр стакан. «Жалғыздықтың бәрін бір басыма жазып қойған екен де» деп, өмірден өтіп кеткен анасын кінәлады. — Шешесі қандай болса қызы да сондай, «шешесін көріп қызын ал» дейді». Топырақ жамылғанына он жылдан асқан анасы өмірі отбасы туралы сөз қозғап, «бір басыңды екеу қыл» деп айтпапты. Өзі он бала туған Батыр Ана. «Он баланы асырау да оңай деймісің...». Тек сырқат жеңіп, көз жұмардан бір апта бұрын басында күзетіп отырғанда: «Сенің де арығың тартылуға таяу...» — деді күбірлеп. Ол кезде сыбай-салтаң жүрісі өзіне ұнайтын, тіпті баласының боғына тайып-жығылып жүрген құрбы-құрдастарын көрсе жирене қарап, өзін солардан екі елі болса да артық санайтын. «Сөйтсем мен ақпай қалған арық секілді суға сусаған сорлы екенмін ғой» деп, жаны ауырып, пышаққа түскенде ғана өзінің осы жүрісіне есеп бергендей боп елегізіп жатыр. «Бала-шағам болса, күн құрғатпай артымнан ағылып келіп жатар еді. Кезекпе-кезек басымда отырар еді». Пышаққа түскенше он күн дайындады. Ең жақын деген екі жеңгесі, олардың бала-шағасы келді. Пышаққа түсіп, ота жасағасын үлкен жеңгесі бір рет бой көрсетті, сонан кейін бір партада отырған сыныптасы келді, онымен де шер тарқатып сырласқысы кеп еді, «Кішкенемді балабақшадан, үлкенімді мектептен алуым керек» деп, үпелектей ұшып-қонып тез кетті. Ол айналасындағылардың бәрін кінәлай бастады. «Әркім өзі үшін өмір сүреді екен ғой. Кешегі «ха-ха-ха-ха» күлкі, оңашадағы құйқылжыған әңгіме, тыртыңдап билеген көңілді кештердің бәрі қол бостағы қимыл-құбылыс екен. Отау тігіп от жаққасын әркім өзінше, шығарда жаны бөлек достарың да бөлектеніп кете береді екен, сенің ең жақының неке суын бөліп ұрттаған серігің мен тұлабойыңнан жаралған перзентің екен» деп, Орынкүл шекесіне сұқ саусағының ұшын қадап, қиял кемесі орнынан жылжи бергенде анасының мүләйім даусы құлақ түбінен сызылып естілгендей болды. Ол да сонда өзі секілді төсек тартып, ыңырсып жатқан, сонда анасы айтқан жалғыз ауыз сөздің жауабын іздеп, өз жанын өзі тергеуге салды. «Арығың да тартылуға таяу...». Отыздан асса да соған мән бермепті, енді ойласа бұл сөз қыз құзырың бітіп, перзент әкелер жолың жабылып, енді қайтып етегіңді көтермейтін сақа әйел болдың дегені сияқты. Ол көшедегі суы тартылып, қаңсып тұрған арықты көз алдына әкелді, шөп-шалам өсіп, күл-қоқыстан көрінбей қалған лас арна жүрегін айнытты. Оның қасындағы сылдырлап су ағып, жыбыр-жыбыр майда толқындар лекіген арық қандай көрікті. Онан аққан су қауындықтағы көк пәлекті көмкеріп, жеміс-жидекті құлпыртып, әсіресе, есік алдындағы қос түп өрік гүл ашып, жұпар шашқанда дүние өзгеше түрге еніп кететін. «Осы көріністің бәрін көз алдымнан таса ғып Алматыға кетіп, дарынды балалар мектебінде оқып, оны тауысқанда неге жеттім?». Оның көз алдына тағы да тақтаға бормен жазылған ах2 елестеді. «Икс» математикадағы белгісіз мөлшер болса, мен өмірдегі шешуі жоқ жұмбақпын; ах жұмбағы көп өмір болса, шекесіндегі 2 саны сияқты екеу боп, біреумен қол ұстасқанымда ғой, сол 2 саны мен үшін тек тақтадағы жұмбақ х-тің шекесінде тұрып қалды» деп, өкінішке толы ойы он саққа бөлінгенде есік серпіле ашылып, емдеуші дәрігер Орынбай кіріп келді. Жаңағы жан ауыртқан қиял мен әртүрлі елестер сытылып кетіп, айналасы әппақ әлемге малынып, қарсы алдында орта бойлы, дембелше келген, атжақты, құс мұрын жігіт тұрды.

«Құда келіпті. Ерәлінің жапон құдасы келіпті, көрейік» деп таяғына сүйенген екі кемпір мен баланың басындай жұп-жұмыр тізесіне тұз жиналып, ақсаңдай басқан екі келін есік алдына кеп тұрып қалды. Екі кемпірден асып кете алмай, аңсары бір көру болса да алға шыға алмай қалған жастау келін қысық көзді, жымиып тұрған жып-жылтыр дөңгелек жігітке көзін сатып қарай берді.

  • Сурет интернеттен алынды
    - Мынау баяғы трәктір міхаиник Шән-Геннің өзі ғой. Бәрі туыс шығар, - деді таяқ сүйенген кемпір бір адым аттап.
    - Тиіш, жай сөйле. Не де болса құдасы ғой.
    - Не де болса Бибіханға «құдаңның келуімен!» дейік, - деп кемпір алға озды.
    Бұл кезде құда Тәкеши қолын жуып, бұрынғыдай тарам-тарам боп тарбиып жатпаса да жасыл пәлегі қатар тартылған арықтарды жауып, көмескілеп тұрған қауындыққа беттеді.
    - Құдасы тыштымханаға кеткенде құтты болсын деп кіріп шығайық, - деп шалы да, өзі де осы ауылдың үлкені - «генерал» кемпір таяғын тақ еткізіп үйге енді.
    Құда қара қағазбен қоршалған тыштымханадан әрі өтіп, қауындықты аралап кетті.
    - Қандай тамаша. Бұл қай кезге дейін осылай жап-жасыл боп тұрады? - деп алақандай-алақандай қауын пәлегін ұстап көрді.
    - Бұл сары күзге дейін осындай боп тұрады. Күзде қауынды жинап, осы пәлектермен қымтап қояды.
    - Жылы болсын деп қой?
    - Иә, жылы болсын деп...
    Күйеу баласы қайын атасының айтқан сөзін мүдірмей аударып беріп тұр.
    Бір кезде күйеу баланың ағасы Ғалым құдасын таңқалдырып, қауындықтың ортасында тұрып жүз грамнан тартсақ деп інісін жұмсап жіберіп еді, уысында келген бір бөтелке арақ пен үш қырлы стаканға Тәкеши қабағын шыта қарады.
    - Мынадай тамаша табиғатты бүлдірмейік. Онан да фотоаппаратты әкелші, - деп күйеу баласын тағы да жұмсады.
    Ғалымның інісі Манат Жапонияда үш жыл оқып, осы келгенде Отанымды көрсетем деп қайын атасын ерте келген беті еді. Сол сәт бір құрбақа арық ішінен секең етіп шығып, құданың алдын кескестей берді.
  • Сурет интернеттен алынды
  •  Тәкеши таңырқай қарап:
    - Арнайы жібердіңіздер ме, өзі жүр ме? - деді.
    - ¬Өзі жүр.
    - Ғажап! - деп, фотоаппараттың шыртылына мінезі жеңіл құрбақаның тыным тауып шоқиып отырған кейпі көрініс боп түсіп қалды. Сол сәт ол секең етіп пәлек арасына қайта кіріп еді, артынан қуып, еңкейіп, иіліп, тағы да шырт-шырт еткізді.
    - Құданың құдіреті, құдамыз бізді құрбақа құрлы көрмеді-ау, - деп қазақ құдасы інісіне қарады. - «Құдай қосайын десе сұрамайды екен-дә» деген сөзін ішінде іркіп қалды.
    Онан кейін де құдасы секектеп жиі орын ауыстырған құрбақаның әр жерде отырған кейпін шыртылдатып түсіріп алды. Ал қазақ үшін ол - арықтағы сумен ағып келген қауындықтағы құрқ-құрқ еткен құрбақа.
    - Арықтың ішінде отырып бір көрейік те, - деп Ғалым інісіне қарады. Ол жыпылдатып аударып еді, қонақ жыпылдатып жауап берді.
    - Неше ағайындысыздар?
    - Бесеу.
    - Әкей қашан қайтты дүниеден?
    - Онда несі бар екен-ей? Үш жыл бұрын. Соғысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысынан кейін жапон соғысына қатысқан.
    Інісі соңғы сөйлемді аудармады. Қайын атам қас дұшпанымның алдында тұр екенмін деп қаймықпасын, деді.
    - Әуелі сол кісінің, үлкен кісінің бейіті алыс болмаса, басына барып шықсақ, - деді.
    - Онда несі бар-ей? Өзіміз бармағалы қанша жыл. Жүр, кеттік. Құданың көңілін қалдырмайық, - деп алыстан мініп келген «Джипке» отырып тартып кетті.
    Ауылдан бір жарым шақырым жердегі құмшауыт зиратты қамыс басып кетіпті. Жылда шөбін отап, алысқа апарып өртеп тұрушы еді, нарық заманына ауысқалы ол да қалды. Зиратқа кіре берісте тізерлеп отырып Құран бағыштады. Сосын әкесінің басына барып, төрт құлақты қам кесек моланың қасында тізерлеп отырып тағы да боздатты. Ғалым жақын жатқандардың бәрін атын атап айтып өтті, қандай жақындықтары бар екенін тәптіштеп түсіндірді. Әнебір бейіт қоршалмапты да, тіпті жермен-жексен болуға айналыпты. Тәкеши елден ерек қоршалмай қалған, басында белгісі жоқ бейітке қарай бергесін:
    - Бұл біздің ең жақынымыз, - деді Ғалым. - Үлкен атамыз. Баласы нәшәндік мілитса. Сол қоршап, қада қақпай-ақ қойды әкесінің басына. Нәшәндік мілитсаға ешкім ештеңе демейді.
    Інісі мүлтіксіз аударды.
    - Әруақты қорғау керек. Ол сонда сені де қорғайды, - деп жермен-жексен боп томпиып жатқан төбешікті шырт еткізіп суретке түсіріп алды.
    Үйге қайтып келгенде былбырап піскен қойдың басы мен «мені тура» деп иір-шиір боп қазы-қарта күтіп тұр екен.
    - Құда сорпаға айран қосып ішсін, - деп құдағиы Бибіхан әдеттегідей кең көңілмен жайылып жастық болды. - Сұйық айран іше ме екен әлде қоюын ба?
    - Апам да қызық. Әрине, сұйығын, - деп кәрі шешесінің қылығына шыдас бере алмаған үлкен ұл бағжаң етіп бір қарады.
    Қауындықта ашылмай қалған ақ келді. Құда толтырып құйылған стаканның ернеуінен бір ұрттады.
    - Алып қойыңыз, - деді Ғалым құда.
    - Жоқ, мен осылай ішемін. Сіздер барлық уақытта осылай толтырып құясыздар ма? - деді қысық көзі күлімдеп, Ғалымның босап қалған қырлы стаканына үрйлене қарап.
    - Енді құда келгенде неге тауыспаймыз. Құда үшін жан пида, - деп Ғалым қопаңдап қалды.
    - Біз арақтың алдында сыра ішеміз. Сонда жеңіл болады, - деді Тәкеши.
    - Дәу кесені толтырып сұйық айран әкелші. Сыраңды он орасын, - деді Ғалым.
    Мөп-мөлдір сұйық айранды сіміріп салған жапон құда беторамалымен аузын сүртіп, басын шайқады.
    - Таза сүттен жасалған ғой. Ешқандай қоспасы жоқ.
    - Таза жусан мен изеннің, таза құрақтың, таза шиіннің жемісі, - деп Ғалым ауылда өскен шөптердің атын мақтанып тізіп шықты.
    Үшеуі екі бөтелке арақ ішті. Қызып алған Ғалым:
    - Бәрі де ағарған ғой, - деді.
    - Жоқ, сіздердің ағарғандарыңыздың орны бөлек. Осындай өз ағарғандарыңыз тұрғанда басқанікін неге ішесіздер? Мынау орыстікі ғой, - деді бөтелкенің сыртындағы жазуға шұқшиып.
    Күн батқасын өзінің сағат оннан қалмай ұйықтайтынын айтып, қауындық жаққа беттеген құдаға ермей Ғалым қалып қойды. «Тыштымханаға бір өзі барсын, ере барғаным сөкет болар» деп өзін-өзі тежеді. Інісіне ер деуге де аузы бармады. Құда, бірақ тыштымханадан шұғыл оңға бұрылып, батқан Күнмен бірге қарауытып жатқан қауындықтың ортасында аяқ киімін шешіп ап, суы тартылған арық ішінде жалаң аяғымен әрлі-берлі жүрді.
    - Мынау не қып жүр? Мас боп қалған ба? - деді Ғалым інісіне.
    - Жоқ, табанымен таза топырақты басып жүр.
    - Топырақтың бәрі таза емес пе. Сол құрбақа іздеп жүрген жоқ па?
    Бұл кезде Күн түнге ауысып, қауындықтағы құрбақалар қосылып әндете бастаған. Құда тор-тор аяқ киімін қолына ұстап келді де, рахат күй кешкен кейіп танытып:
    - Бұлар көп екен ғой. Қандай тамаша оркестр, - деп құрқылдаған құрбақа үніне елтігендей рахаттана құлақ түрді. Күнде естіп жүрген әулекі әуен қызылтаңдықтарға әсер ете қойған жоқ.
    Уақыт тығыз, жұмыс қауырт. Бір түнеген құда Тәкеши таңертең қайтатынын айтты. Дастархан басында қаймағы бетінде қалқыған сүтті шәйді қолына ала алмай ойланып отырып-отырып:
    - Кешегі ақ коктеилден қалды ма екен? - деді күйеу баласына бұрылып. Ол түсі бұзылып, бірден қазақшалап:
    - Сұйық айран сұрап отыр, - деді.
    - Әй, көк шелекті осы жерге әкеп қойыңдаршы. Құмары қанғанша ішсін. Кеше арақ өтіп кеткен ғой, - деді құдағиы жанұшырып. - Өздерің де зорлай бердіңдер.
    Құдағиы сапырып-сапырып ұсынған гүлді кеседегі сұп-суық айранды сіміріп сап:
    - Табиғаттың таза сусыны. Сәл тоңазытқышқа салып қойыңыздар, - деді.
    - Қарап отырмай ақыл айтады, - деді Ғалым жақтырмай. - Сұрашы, кетер аяққа қалай қарайды екен?
    Жөпелдетіп жапонша аударған күйеу баласы іле жауабын алды.
    - Жоқ, мен үшін мына ақ коктеилден артығы жоқ. Нағыз қазақтың арағы. Сіздер өз арақтарыңыз тұрғанда басқанікіне неге құмарсыздар?!
    Інісі күле отырып аударып еді, ағасы қабағын шытты.
    - Бізге ақыл айтатын кім бұл?! Қызын бергенін біліп, артын қысып отырмай ма. Онан да қызының бақыты үшін бір рет алып қоймай ма? - деп еді, інісі өңін айналдырып, «Ішем десе арақ дайын» деп аударды.
    - Жоқ, жоқ, - деп ол қолын жүрегіне қойып келіндей иілді.
    - Әй, жолынан қалдырмай, құданың алдына китін қойсаңдаршы, - деді кейуана шешесі.
    Ең тәуір деген қытайдың кастөм-шалбарын төрт бүктеп алдына әкелді. Оның мәнін күйеу баласы түсіндірді. Қайын атасы қап-қара кастөмнің жағасын ұстап:
    - Қытайдың фабрикасінікі. Бұлар бәрін жаулап алды, - деді.
    - Не деп отыр? - деді айтқаны болмай сіркесі су көтермеген ағасы.
    - Қытайдікі екенін танып отыр.
    - Қытайдан басқа неміз бар қазір.
    Ілкі сәтте Тәкеши құда Ғалым құдасына қарап бірдеңе деп былдырлап еді, күйеу баласы Манаттың екі беті алмадан бетер қызарып кетті де, басы салбырап отырып сөйледі.
    - Мен мына сыйлықтарыңды алмай-ақ қояйын. Менің қалауым бар, дейді.
    - Айтсын, - деді ағасы інісінің сөзін ақырына дейін тыңдамай.
    - Кешегі қауындықтағы құрбақаны сұрайды. Алып кетсем, дейді.
    - Оны қайтеді екен?
    Інісі аударып еді, қайын атасы ағынан жарыла сөйледі.
    - Менің коллекциямда Орта Азиядағы жылан мен тасбақа бар. Мынадай құрбақа жоқ еді. Біз оның өмір сүруіне бар жағдайды жасаймыз, ол өз ажалынан өледі. Өлгесін қатырып, мұражайға қоямыз. Құрметтейміз. Қайдан алғанымызды, кімнен алғанымызды астына жазып қоямыз.
    - Құдамнан алдым десін. Мен бұған бір қабын ұстап берейін.
    Ғалым мақтанғанмен, құрбақа ұстатпады. Құда бастап арықтың ішіне қол созғанмен секең-секең еткен бір уыс жәндік алақанға ілікпеді, ұстай бергенде секең етіп секіріп кетіп, құшағын ашқан күйі етбетінен түсті. Ақ көйлектің омырауы қоймалжың батпаққа былғанған ол «Тап әкеңнің аузының қорлығы-ай, ә!» деп боқтады. Сосын «Ешкім көрмесін, ешкім естімесін», - деді. Інісі де шалт қимылдап шап бергенмен жат-жұрттық боп кеткен оны да туған жерінің жәндігі маңына жолатпады. Сосын Тәкеши құда «Тсс-с!» деп қос қолын көтеріп бәрін тыныштыққа шақырып, жылтыр қалта сұрады. Манат жүгіріп барып жылтыр қалта әкелгенше ол шырт-шырт еткізіп селт тұрған жәндікті әлденеше суретке түсіріп алды. Сосын жылтыр қалтаны ортан беліне дейін түріп, дәл тіл табысқан ескі таныстардай иіліп, жәй-жәй басып келді де, көзі бір нүктеден ауытқымай тұрған құрбақаның басына төңкере сап аузын буды. Қазақ құда жапон құдасының майдан қыл суырғандай мәттақамдығына таң қалды. Сосын арықта ұйысып өскен көк шиінді уыстап жұлып ап жылтыр қалтаға салды.
    - Бұл Жапонияға жеткенше жеп баратын тамағы ғой, - деді күлімдеп.
    Келгелі таң қалмаған Ғалым құдай қосқан құдасының нәзік болмысына аузын ашып, көзін жұмды. «Ауылдағы кәрістердей емес, бәрін біліп істейді екен» деп бас шайқады.
    Жылтыр қалтаға салған қалауының сыртынан тағы бір жылтыр қалта кигізіп, оның сыртынан үлкен қалтамен орап ап, құда жолға шықты. Мәшинеге мінерде қолын жүрек тұсына қойып, әрқайсысына жеке-жеке келіннен бетер иіліп, қоштасты. Кір жайып жүріп иіліп-бүгіліп, суы мөлтектеген кірдің тасасында қысылып-қымтырылып тұрған жас келіндерге қолын көтерді. Сөйтіп, бүкіл ауыл жапон құданы жолға шығарып салды. Машина гүр еткенде Ғалым құданың іші шым етті. «Сол құрбақаны тағы бір көретін екен. Кешке таман құрқ-құрқ етіп, қауындықтың көркі еді. Қадіріңді сыртқа кеткенде білеміз-ау. Қазақтың қауындығындағы бір құрбақа кеміді», - деп маңғаз басып, суы кеуіп, қауын пісікке бет бұра бастаған арықтардың арасын қарады.
    - Қауынға су алғанда, арқасы көрініп жүрген балықты ұстамаушы едіңдер. Көрдіңдер ме, өздеріңдей жапонның құрбақаға дейін құр қалдырмағанын.
    - Алса, құда ғой.
    - Кит кимейтін, қалыңмал дәметпейтін, әйтеуір кергіп мазаны алмайтын құдаға тап қылған Құдайға мың шүкір! - деп кейуана ағаш орындықты қозғалтып қойып, бір нәрсені ұмытқандай селк етіп келініне бұрылды. - Қап, құдаға неге бір қалта күріш сап бермедіңдер. Қуыс үйден құр шығарып...
    - Китін алмаған құда күрішті қайтсін. Олардың есігінің алды мен там төбесі сыңсып өскен күріш. Олар адамнан кейін жылан мен құрбақаны құрметтейді. Апам құдасына барғанда құрбақасын танып, көз жасын сығып ап жүрмесе...
    - Құдай соған жеткізсін. Құданың аулын да көрерміз амандық болса. Шәй қойыңдаршы-ей, бір өзді-өзіміз боп рахаттанып отырып шәй ішейік. Арақ іше бергенше әлгі жапон құда секілді неге ағарған ішпейсіңдер? - деп қауындық жақтан қалған арақты көрсетпей қағып сап келген үлкен ұлдың аузының иісін сезіп қап секемдене сөйледі.
    - Құдаң аузыңа түкіріп кеткен бе?! - деді баласы тілі күрмеліп.
    Кейуана «Көрсеткеніңе шүкір!» деп тағы қайталады. «Осылардың алдында алса» деп белгісіз біреуге наз айтқандай болды. Сары самауыр тезірек қайнаса екен деп, жерде жатқан сексеуілдің жігеріне де көмескі жанармен бір қарап қойды.
     
Мен онымен кездейсоқ таныстым. Бас редакторым шақырып алып, маған оның телефонын берді де:  «Тасада жүрген таланттарды тауып, ел ішінде елеусіз жүрген осындай өнер адамдарын насихаттау керек! Журналдың кезекші редакторы  ретінде, осы жігітпен хабарласып, біздің журналға бірнеше көркем суретін сұрап алыңыз!» деді, әр сөзін қазықтай қадап тұрып. Сол күні-ақ, «тасада жүрген талантты» телефонмен тауып алып, биттің қабығындай жұқалтаң, жылтыр журналымызды безендіруге оның иллюстрациялары ауадай қажет екенін айттым. Суретші көпке дейін тілсіз қалды.
Ертеңіне үстіне жуа-жуа жағасы  созылып кеткен ақшыл футболка, тізесі шығып кеткен көгілдір джинсы шалбар киіп, ыстық күнде мойнына алабажақ жіптен тоқылған, ұзын шарф ораған, қой көзді, қоңырқай өңді, желке шашы күркетауықтың құйрық жүніндей күдірейген,сұңғақ бойлы  суретші  жігіт редакциямызға жетіп келді.  Ол, азан шақырып қойылған  Ғибрат деген өзінің тым тәуір атын емес, бертін келе  өзі ойлап тапқан  Генри деген  лақап атын ұнатады екен. 
- Генри дейсіз бе? Генри! Ген-ри! Қызық екен!-деп, таңғала бас шайқадым.
- Күндердің күнінде әлемге танымал тамаша суретші болсам, «Ғибрат» деп былжырап тұрғанның несі жақсы? «Ғ» әріпі бар қазақша атыма шетелдіктердің тілі келмейді ғой. «Генри» деген есімге елдің құлағын осы бастан үйрете берейін. «Генри» деген - жазуға да, айтуға да қолайлы емес пе?! -деді ол, өзінің кемел келешегіне сенімді үнмен. 
  Түрлі-түсті кітапшаға топталған суреттерін ақтарып шықтым. Классикалық канондарды қатаң сақтай отырып жазған туындыларының басым көбі – жылдың әр мезіліндегі табиғат көріністері екен. Ара-арасында жартылай жалаңаш қыз-келіншектердің портреттері де кездесті.  Жалпы, жұрттан асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Ғибрат алғаш қолына қыл қалам ұстағаннан бері, өзі шабыттана суретін салып жүрген қазақтың кең жазира даласы сияқты,  шетсіз-шексіз бейнелеу өнері атты әлемнен ойып тұрып  өз орынын алуды армандайтынын да жасырмады.  
- Құр армандап жүре бергенше, жыл сайын өтіп жатқан әртүрлі суретшілер байқаулары мен сурет көрмелеріне қатысып, бағыңызды сынап көрмейсіз бе?-дедім, жанашыр ниетпен.
- Қатысуымда кемдік жоқ. Алайда, ұсынған жұмыстарым  жюрилердің көзіне бір ілікпей-ақ қойды,- Ол терең күрсінді. 
– Ұсынған суреттерім қандай керемет болса да, жеңіс мені үнемі  сырт айналып өтеді. Шыдамның да шегі бар емес пе?! Бір күні жанартаудай жарылмасам жарар еді! -дегенді қосты біраз үнсіздіктен соң.
- Қойыңыз, жарылғаны несі? Одан да ішіңізге жиналған дүниенің бәрін бояу тіліне көшіріп, шеберлігіңізді жетілдіре түсіңіз. Бір күні Сіздің де жүлделі орындарға қолыңыз жетер,-деп жұбаттым оны.
 - Енді ойын ережесін өзгертуім керек.
 -Қалай, қайтып өзгертесіз? 
- Аяқ астынан ойыма ештеңе кірер емес, -деп, суретші жігіт шынын айтты.
 Арада екі-үш апта өткен соң редакцияға телефон шалып, бізге берген суреттері журналға қашан шығатынын сұрады. Негізі, оның мақсаты   -  журнал шығатын уақытты сұрау емес,  өзінің жаңалығын біреумен бөлісу екенін ішкі түйсігім дөп басыпты. Оның өрекпіген дауысынан бір сұмдық өзгерісті сездім.
- Редакцияға барып келген соң,  неге екенін өзім де білмеймін, тұлабойымды бір алапат сезім биледі. Жан-жағымды жайпап, қолыма іліккен нәрсенің бәрін лақтыра бастадым. Кенет көзім өткен жылғы бәйгелердің бірінен жүлдесіз оралған туындыма түсті. Шеберхананың бір бұрышында көптен бері шаң басып  тұрған. Осы жасқа келгенше ерен еңбегімнің еленбей жүргеніне, қандай  бәйгелерге қатыссам да елдің соңында шаң қауып қалатыныма, тума талантымды мойындайтын ешкім жоғына тап осы шығармам айыптыдай, бар өшімді содан алып, аямай бүлдіріп тастадым,-деді ол масаттана күліп.
- Бүлдіргеніңіз қалай? Ол суреттің не жазығы бар еді?-деп шошып кеттім.
- Аппақ қары көз қарықтырған асқар шыңдардың үстіне  ескі калькуляторым мен қолдан-қолға өтіп, мыж-мыжы шыққан  қағаз ақшаларды желімдедім. Кең жайлауда мал бағып жүрген шопанның бетіне – хиппи  маскасын жапсырып, ал ол мінген аттың сирақтарына ала-құла, өкшесі тесілген, ескі шұлықтарымды «кигізіп» қойдым. Жайлау таңының  кенепке көшірген көрінісі барған сайын сурет сиқынан айрыла түсті. Өзім жасаған хаостан қатты шабыттанғаным сонша, ақ  жұмыртқадай аппақ киіз үйлердің сыртын «граффиттимен» әбден шимайладым,-деді ол екілене.
- Граффити дейсіз бе ? –Талай естіп жүрген сөзім болса да, оның не екені қапелімде ойыма түсер емес.
- Ала-ғұла, қиқы-жиқы, ірілі-кішілі жазуларды «граффити» деп атайды. Өзіңіз де көп қабатты  бетон үйлердің сыртынан талай көрген боларсыз? Әсіресе, қаланың шет жақтарындағы ескі микрорайондарда жиі кездеседі ғой, -деді ол тәптіштей түсіндіріп. 
- Ия, сонымен?- Мен оның әңгімесінің соңын күттім.
- «Ал, кәне, осыған жүлде бермегендеріңді көрейін!» -деп, әлі желімі кеуіп үлгермеген «жынды туындымды»  дүбірлі бір сайысқа салдым да жібердім,-деді ол елден ерекше бір ерлік тындырғандай болып.
- Бармақтай бақ тілеймін сізге! –дедім оған шын пейіліммен.
- Неге бармақтай? Одан көпті маған қимай тұрсыз ба?-деп өкпеледі ол.
-«Ат шаппайды, бап шабады; бап шаппайды, бақ шабады», «Таудай талабың болғанша, бармақтай бағың болсын» деген сөздерді өмірі естемеген сияқтысыз ғой?!-дедім сәл қитығып. Ол үнсіз қалды. Сол үнсіздік ұзаққа созылды. Ол орынды-орынсыз сұрақтар қойып, енді қайтып мені мазаламайтын болды.  Көп ұзамай, журнал шықты. Мен жоқта Ғибрат редакцияға келіп, өзінің суреттері шыққан журналды алып кетіпті. 
Бір күні теледидардан кешкі жаңалықты қарап отырсам, суретшінің таныс дидары көзіме оттай басылғаны. Мәссаған! Жарнамасының өзі жарты әлемді жалт қаратқан атышулы бәйгеде Ғибраттың, жо-жоқ Генридің әлгі алапат ашумен бүлдірген дүлей дүниесі бас жүлдеге ие болыпты. Өз құлағыма сенер-сенбесімді білмедім.  Есуас біреудің қолынан шыққандай  жындысүрей суретті телеоператорлар әр түрлі ракурста көрсетіп жатты. Супер-заманауи  жаңалықтарға жаны құштар; ақылға симайтын туындылар көрсе, ауыздарының суы құритын, талғамы нәзік, талабы биік қазылар алқасы  жас суретшіні көркем сурет өнерінің ғасырлар бойғы қалыптасқан  мызғымас дәстүрлерін бұзуға батылы барған кемеңгер деп  бағалапты. Ал бас жүлдегер тілшілерге берген сұхбатында ең әділ өткен бәйгеде бағы жанғанын, енді таяуда шетелге барып, жеке көрмесін өткізетінін айтты.
Ертеңіне жұмысқа барсам, бас редактор апай мәз: «Менің момын қайным үндемей жүріп, Айды аспаннан бір-ақ шығарды!.. Сүйінші хабарды естігенде, таңғалғаннан талып қалып, жарты сағат жатыпты,»-деді. Міне, содан бері он шақты жыл өтті.  Генридің талантына бас иетін жастар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.                              

 /20 ақпан 2024/
        
– Жазушы боламыз.
– Ақын боламыз.
– «Боламызың» не? Болып қойғанбыз.
– Мен – жазушымын. Қазақтың қасқа маңдайына біткен жазушымын.
– Ал, мен – ақынмын. Ақынмын-ей, мен осы!
– Міне, енді сілтеп тастау керек.
– Түбіне дейін.
– Әрине, түбіне дейін.
– Жоқ, сен дұрыс алмай отырсың. Сімірген соң – сілекейлеп берекесін қашырмай сіміру керек.
– Вот, дұрыс айтады.
– Осыны ішсем, есім ауып, адам танымай, қасқыр
сияқтанып кетемін.
– Арқаң бар ғой сенің. Иең бар.
– Иә, менің арқам бар. Арқалы ақынмын ғой мен дегенің.
– Қасқыр туралы айтайықшы.
– «Қасқыр түсті қақпанға, жортып келе жатқанда».
– Баяғыда, бала кезімізде жаттаған бір тақпағымыз осылай басталушы еді ғой. Хи-хи-хи.
– Е-е, жігіттер, қасқырға күлмеңдер. Күлмеңдер деймін қасқырға.
– Неге? Күлейік те. Күліп үйренейік те. Не ол сонша?
Білемін, қасқыр – киелі. Қасиетті аң. Қасиеттіні қастерлеу үшін де күлу керек. Мысалы, күле білу де – адам бойындағы қасиетті мінездің бірі.
– Тауып айтасың. Сен осы ылғи да тауып айтасың.
– Тағы да төңкеріп тастаудың реті табылды ма, қалай?
– Табылды. Ал, қанекей...
– Мен жұтып жібердім. Жұтқыншағымнан өтіп, қызыл өңешімнің айналасын жылытып, құлдилап барады.
– Сен біздің жазушы досымыздың кейіпкерлері сияқты сөйледің.
– О, Данияр ма? Ол да қасқыр. Нағыз бөрі.
– Қасқыр... біз ғой мына жерде, қасекеңнің аяулы есімін қалай болса, солай атап, құрдасымыздай қылжақтап отырмыз. Түлей түзде ол өзінің аты-жөнін жалпылдаған ауыздарға айтқыза бермейді. «Ит-құс» дейді оны қырдағы жұрт, «Абалақ» дейді.
– Данышпандарым, біраз дабырластық-ау, шамасы.
Қайтсақ қайтеді? Тарқайық.
– Өй, әлі ерте.
– Иә, ерте. Асықпа. Сен білесің бе? Ықылым заманда аспан жерге төніп кеп, жамбастап жатып алған көрінеді. Адамдар зіл батпан аспанның астында бүгіле-бүгіле бүкірейіп қалыпты. Тіпті, еңбектеп, жер бауырлап жылжитындай халге жетеді. Алп-алп басқан адамдар ғана
емес, шаңырақ мүйіз бұғылар былай тұрыпты, «бұлдырық» дейтін құсқа дейін қанатын жазып ұша алмайтын кепке ұшырапты. Бұлдырығың не, қыбырлаған құрт-құмырсқаның өзі аспанның езіп, жаншып басқан салмағын сезініп, жеті қат жердің астын кеулей қашыпты.
Осы сәтте жалғыз қасқыр ғана мұз сауыттай құрсанған аспанның бауырына тұмсығын сұғып ұлыған екен. Қасқыр және көп ұлыпты. Қасқырдың мына ерлігін еп көрген адамдар тегіс жиналып, бір сәтте: «Ауп» деп аспанды көтеріп тастапты. Содан бері бұл қасқырыңыз киелі,
қасиетті аң есебінде.
– Бізде, қазақтарда. Түп нәсілі түркілерде деңіз.
– Иә, әйтпесе, өзге жұрттың қасқырда жұмысы жоқ.
– Қасқыр – анамыз.
– Атамыз.
– Қасқыр емгенбіз.
– Қазір енді бөтелке емеміз.
– Ха-ха-ха!!!
Қатты қызып, қаңғырлай сөйлеген үшеуге даяшы дәмхананың жабылатынын ескерткен. Әйткенмен де, әйгілі ақын-жазушы атанғалы жүрген үшеуді даяшының ескертуі елең еткізген жоқ. Керісінше, «сіздерге тағы не керек?» деп, мүләйім түрде, сыпайы сұрақ қойып тұрғандай оған қарап: «Ақысын төлейміз, тағы әкел, әкеле бер», – десті кеу-кеулеп. Үшеуінің де жүзі әлемтапырақ. Көздері әңкі-тәңкі. Ақшия қарайды. Даяшы басын шайқады. Сосын ызбарланып: «Шығыңыздар», – деді. Әлгі үшеудің біріне даяшының дауысы алыстан ыңыранып жеткендей естілді. Ыңыранған дауысқа ырыл араласқан сияқты. Олар мас еді. Тұтас шаһар жұрты мас еді.

* * *

...Ертеңінде Т. қаласының тұрғындары тегіс қасқырға айналып кетті. Бөлтіріктерін ерткен үйірлі көкжалдар жалаң қағып, әсем шаһардың көшелерін кезіп жүрді. Топталып, шұбырындысымен келіп тұмсық түйістіргенде, арландары желке жүндерін күжірейтіп, ұшы келте, шұнақ құлақтарын қайырып тастап, жанарларынан жасыл ұшқын атып, шайнасудан да тайынған жоқ. Сондай сойқанды қызу таласта талай арланның ішек-қарыны ақтарылып көшелерде, алаңқайларда, биік үйлердің аулаларында қансырап жатты. Жеңген, жеңімпаз арландардың үйірі молайып, қарасы қалыңдай түсті. Әлгіндей үйірдің бөлтіріктері ойнақ салып, кәңкиіп тұрып қалған автокөліктердің төбесіне шығып, шоңқиып отырып та алды. Адамдардан арылып, алқам-салқамы
шыққан, есік-терезесі ашық, көп пәтерлердің дәліздерін қасқырлар үйірі жортты. Қайсібір тұстан арс еткен арлан дауысы қыңсылап үйік тілеген қаншық қасқырдың үнімен қатар естіліп, қала алып апанның, жынысты таулы мекеннің тұрпатына енді. Бірте-бірте үйірлердің өрісі де айқындалып, апан-қала өзінше тәртіп түзе бастады.
Осылайша, қасқыр-қала сапырылысқан тірлікпен айжарымын өткерген. Сөйткенде, қалада азық таусылды. Базарларда, дүкендерде, қоймаларда қызарған ет, қан жұққан зат түгелімен түгесілді. Қасқырлар тәтті кәмпит, тәбет ашар жеміс-жидекке зауықсыз болып шықты. Қасқырлар үйірі әбден ашықты. Кеше ғана тоқ қарындары бұлтыңдап, түгі жылтыраған бөлтіріктердің үстін өлі, жасық жүн басып, ластанған қала тыныс тарылтты. Аш, ашулы қаншықтар қабаған өлекшіннің мінезін тауып, арландарды құлақ шекеден ала түсетінді шығарды. Қаланы улыған-шулыған, қыңсылаған, жарыса үн созып, дауыс салған зар кернеді. Міне, дәл осы кезде, түн жарымында, ақбурыл, кең кеудесін шалқайта тастап, жуан, жалдас мойнына біткен үлкен, қаһарлы басын тік көтерген кәрі, көсем арлан тұмсығын көкке созып ұлыды-ай келіп. Ол күңіреніп ұзақ ұлыды. Бұрынғы өткен бабалар ұранымен ұлыды. Түлейді күн-түн кезген абадандардың жорығын жоқтап ұлыды. Мынау тар, қапас қалада ұйлыққан үйірінің дәрменсіздігіне налып, күйіне ұлыды. Ұли алмайтын ұрпағының, зәу-затының қорқаулығынан қорқып та, қорынып та ұлыды. Көсем жалғыз ұлыды.
Ертеңінде көсемнің қасына жас арлан қасқырлар жиылды.
– Кеше түнде мазасыз күй кештіңіз-ау, неге жыладыңыз? – деді арландардың бірі арсалаңдап.
– Талғажу етер бірдеңе іздедіңіз бе? – деді тағы бірі аш бүйірін жалап, аунап жатқан бетінде.
– Кәрия, не тілейсіз? – деді қызыл іңірде қаланың бір бұралқысын бүктеп басып, өзек жалғаған көкжалдауы.
– Жорық тілеймін, – деді кәрі көсем. – Қаланы тастап тау асайық, тас басайық.
– Онда не бар?
– Аң бар. Толған аң. Ерінбесең ешкі же, елік қу. Арқар аула. Бұғып бар да, бұғы бас. Домалантып доңыз қақ. Аңшылық – біздің ата кәсібіміз.
– Апыр-ай, мұныңыз керемет екен, – десті арландар арс-арс етіп, – бірақ, сол аңшылық біздің қолдан келе қояр ма екен?
– Келеді. Неге келмесін? Негізіңде жыртқыштық, аңшылық жатқан жоқ па?
– Ендеше бастаңыз.
– Мақұл, – деді көсем дүр сілкініп, – мақұл, еріңдер соңымнан.

* * *

Көсем бастаған арландар қалаға мол олжамен оралды. Бәрінің аузы қан. Бәрінің аузында: алқымдалған, таңы айрылған, қабырғасы сөгілген – ешкі, лақ, елік. Кейбір кеуделі, жоталы арландар доңыздың айғырын
сүйреп әкеліпті. Қала қанға бөкті. Бөлтіріктердің ай бойғы аш қыңсылы тоқ ырылға, болашақ арландықтың айбарын сездіретін қуатты ырылға ұласып, ұрғашы қасқырлардың арландар айналасындағы мәслихаты мәнді, келелі кеңеске ұқсап жатты.
– Отағасы, ертең де жорыққа аттанасыз ба?
– Енді мен күнде жортамын.
– Үйіңізге, үйіріңізге соғып тұрасыз ғой, әйтеуір?
– Үйбай-оу, о не дегенің? Менің жортуылдарымның бәрі үйірімнің қамы емес пе?
– Бүгін мелдектете тойындырдыңыз.
– Күнде тойындырамын, қалқам.
– Осы түн сіздің еркіңіздемін, арланым.
Бұл түні көсем тағы ұлыды. Кешегіндей озандап, күңіренбей рух шақырып, ерлікті мадақтап ұлыды. Тағы да жалғыз өзі ұлыды. Ертеңінде үйірін ертіп жорыққа аттанған.

* * *

Көсемнің басшылығына бағынған арландар үйірі тау мен дала аңын қынадай қырды. Олар үшін тау мен дала деген олжаның отаны екендігін қапысыз ұғар уақыт та болған. Қаланы қан жапты. Қан жұтқан қала қаңқалардың үйіндісіне толып түнде түнеріп, күндіз күңси берді. Бұл кезде қаланың қаншық қасқырлары үйікке тоймай арлан көрсе, асылып ойнайтын өнер тапқан. Бұлаң құйрықты бір-екеуі қаланың сыртындағы дөңде, оңаша, тұмсығын соноу алыс таудан есіліп соғатын ерке, жұпар самалға төсеп жататын кәрі көсемге де келіп қайтқан. Үйкеленіп, иіскелеп, тәлімсіп тіл қатқан:
– Аға, қалаға кірмейсіз бе? Айдалада мұныңыз не?
– Шырақтарым, мені мазаламаңдар. Мен – түздің тағысымын.
Көсем оларға осындай жайын білдіріп, тағылығын танытып бой тартатын. Сосын ойлайтын еді: «иттің ылыққан бұралқылары сияқты әпігі басылмайтын не деген пәлелер еді түге?» – деп.
Күндер өте берді. Апан-қала ақсөңке сүйекке толды. Таудың, даланың бар аңын арландар үйірі мына шаһарға қуып тығып, алапат апатқа ұшыратқан сияқты: анда арбиған бұғы мүйізі, мында маңғаз сұлу маралдың қаңқасы. Суыр мен борсықтың жидіген терісі. Сол лас, сасық апанда майланған табандарымен тайғанақтап, бөрі бүлкегінен айныған бұның зәу-заты жатыр. Тоқ, марғау. Самсоз. Аң қағудан ерінетіндері де екпеттеп апан маңында аунайды.
Бір күні көсем аң аулайтын түзді жалғыз кезді. Қасына ерерге қара табылмады.
– Тоқпыз, тойындық, өзіңіз жорта берсеңізші, – деген олар ықылық ата ыңыранып.
Көсемнің жалғыз жортқаны – жортқаны болды. Үйірінен жанына жан ілеспеді. Шетінен семіз. Ырс-ырс етеді. Ыңқылдап әрең қозғалады. Бөлтіріктерінің сирақтары сыртқа теуіп, домаланып зорға жүр. Жорық көрмеген, аламан шабысқа түспеген аяқтар қысқа, келте, доңыз аяқтанып қалған. Сіңірлі, серпінді, жүгіргенде балақ жүні түтеп кететін қасқыр аяқтар апан-қала тұрғындарының біріне бітпепті. Доңыз сирақтанған доңыз бейнелі бірдеңелер шетінен. Көсем қан құсты.
Бұл шақта көсемнің көсемдігін, жортарлығын жамандап мәубас арландар тобы азу тістерін ақситып кеңес құратын. «Дала», «түз», «аң», «жорық» деуден тыйылмаса, осы ақсақалға жол болсын айтқанымыз жөн шығар тегі. «Қаланы тастап қыр жайлайық, ну тоғай, қия шатқалдан апан сайлайық» дейді. Бұрынғы бабаларымыз солай етіпті. Ну и что, олар үңгірде тұрды екен деп, біз де үңгірге оралуымыз керек пе? Қала дегенді білмеген бабаларымыз. Біз – міне, қала қасқырларымыз. Бұрын соңды болмаған жайлы тұрмыс. Жан рахаты.
Мынау қабат-қабат зәулім үйлер тұрғанда айдаладан апан қазып, алас ұрғанымыз кімге дәрі? О не сорым? Ашықсақ көсемсіз де бірдеңе қылармыз. Білеміз ғой не істеу керек екендігін».
Сөйтіп, осы сөзге тоқтам жасаған арландар ауыр денелерін марғау қозғалтып, сылбыр қимылмен, бірінің ізін бірі шайқақтай басып, кәрі көсемнің алдына келді. Байлам қылған сөздерін айтысты. «Шал, қалада тұра алмасаң, жұртты азғырмай, далаңа өзің тарта бер. Мұндағы балаларды қайтесің, тау асып, тас басып жүре алмайды». «Ы-ы, солай ма? Соны өзім де біліп ем». Көсем жанары жалт қызыл жалын төгіп, үйірлі арланның ортасында ойран салғысы кеп ырылдағанда, көмейінен лықсып алапат үн ақтарылды. Абадан азған ұрпағымен дөң басында соңғы рет ұлып қоштасты. Күңіреніп зар төкпеді, лағнет айтты. Ыза құспады, ыршып, ырыққа көнбей соққан жүрегінің аз ғана наласын білдірді. Өйткені, ол азған апан-қаланың қасында ұлығанды ғазиз басына қор санады. Сөйтті де, бөрі бүлкекпен жөней берді.
Көсемнің бет алысы – Жоңғар Алатауының «Қартайған» деп аталатын бір айлапат асуы еді. Екі жағы жалама құз-жартас, найза тұмсық асуда бұның бабасының ізі қалған. Көсем сол ізді басып өтпек.

* * *

– Он төрт жасымда айдауға түстім, – деп бастаушы еді атам әңгімесін. –Жалаң қылыш, істікті мылтық асынған айдауылдардың алдында Бішпек-Тоқпаққа қарай кетіп барамыз. Жаяумыз. Ағайын -жұртпен іштей «қош-қош» айтысып, ұзап шыққанымызға көп болған. Солдаттардың түсі сұмдық. Қапысын тауып қашпаққа әрекеттенген бірер адамды көз алдымызда сұлатып салған. Жаннан түңілдік. Енді ел бетін көретін күн бар ма, жоқ па, білмейміз. Осылай келе жатып бір бұлақтың басына құлағанбыз. Кенезем кеуіп, шөл қысқан. Бұлақтан еңкейіп бір жұтым суға алақан тоса бергенімде, айдауылдардың басшысы қылыштың қырымен жалғыз-ақ ұрып отыз екі тісімді қаусатып қағып алды. Міне, содан бері қызыл иекпін.
Сөйтіп, қандала болып абақтыға жабылдық. Күндіз шөп шабамыз. Мая шөмелейміз. Түн – абақты. Бізді қайтпек, қайда апармақ? Қашан атып, асып тауыспақ? Бұл сұрақтардың біріне жауап жоқ. Сондай суық, бұлдыр күндердің бірінде түнде жатып түс көрдім. Түсіме ақ сақалды, атан кеуделі қария кіріп: «Балам, қаш. Ертеңнен қалмай қаш!» – деді де, ғайып болды. Маған қамқорлық танытып жүретін үлкен кісі бар еді, көрген түсімді сол кісіге баян еттім. Әлгі кісі: «Бұл жай түс емес, аян түс екен. Бұны ешкімге айтпа. Амалын өзім табамын», – деді. Содан кеш түсіп абақтыдағы орнымызға жайғасқанбыз. Ұйқы-дұшпан қарадай басып барады екен, түсімді жорыған адам кеп түртіп оятты да: «Абақтының аузы құлыпсыз. Күзетшілер байқалмайды. Дыбысыңды білдірмей тұр, қашайық» деген сөздерді сыбырлап естіртті. Қашып шықтық. Қараң-құраң біраз топ екенбіз. Бәріміз қазақ сияқтымыз. Сөйтіп, жан сауғалап, бас бағып, ел шетіне де іліктік-ау... «Әй, енді туған жердің тасына табанымыз тиді ғой, бой тасаламай жүрейік» десіп, бейтаныс ауылдың үстінен шықтық. Ауылдың ортасында үлкен қоңыр үй тұр екен. Қоңыр үйде қоңырқай кісі отыр екен. Үндемейді. Біздің мүсәпір халімізді тез танып, әйеліне ыммен дастархан жасатып, дәм ауыз тигізді. Өстіп отырғанымызда үстімізге бір әйел кіріп келді. Кіріп келді де, бас-ағымызды тінте шолып қараған ол жүзі құбылып шығып кетті. Сонда барып отағасы баяу тіл қатқан:
– Ел іші қазір бұзылған. Белсенді, шолақ басшы көп. Жаңағы әйел солардың жансызы. Жандарым, аялдамай тез тұрып, қашыңдар. Әйтпесе, ұсталасыңдар.
Біз безе жөнелдік. Ауылдан сырт айналып, көзден тасаланған соң жолбасшымыз:
– Бұдан былай топталып жүре алмайды екенбіз. Әркім өзінің жолын тапсын. Межелі мекеніңе жеткенше, күндіз төбе көрсетпе. Тек түн сағала. Ал, қоштасалық. Бұ дүниеде жолықпасақ, о дүниеде ұшырасармыз. Хош-хош, – деді.
Түсімді жорыған, жөн сілтеген, есімі қазір жадымнан шыққан сол адамның айтқанымен түн жамылып, Баласазға да тұяқ іліктірдім-ау.

* * *

Атамыз – ол уақыттағы 13-14 жастағы бозбала, бабақонысы – Баласазға Баянжүректің басынан шолу жасап, бірер күн айналады. Әкесі Қуаттың жусанды далада жөңкілген үйір-үйір жылқысы, мүкәмал-мүлкі кәмпескенің талауына түскен. Кешегі малшы мен жалшы, қой сауып, құрт қайнатқанның бәрі – бұ күнде жат, бөтен жандар. Момын бай Қуаттың бейопа дүниедегі мынау халін табалағандай кіжініп, тап бере сөйлейді:
– Бай. Шіріген «бай-құлақ». Малын бақтырды. Отын жақтырды. Қанады. Талады.
– Айдату керек!
– Итжеккенге жіберу керек!
«Тәңір жарылқағырлар-оу, – деуші еді сонда жұғымды, майда бітімді, қоңырқай өңді тақуа қарт таусылып.
– Мен сендерге не істедім, сонша итжеккенге айдатып сорлататындай?..».
Әке момын, иі жұмсақ жан болғанымен төрт ұлдың үлкен екеуі – Нұрмұхамбет пен Ғұсыман өзгеше сұлу келбетті, өрт жігіттер еді. Сол екі жігіт ағайынмен астыртын хабар алысып жүріп, бір-ақ түнде Дәуітбай, Шақайлардың көшімен арғы бетке ауады. Ауған көштің алдынан солдат шығып қырғын атыс, қан майдан болады. Осы соғыста әкелі-балалы үшеуі бірдей оққа ұшады. Қызыл әскердің командирі Курносов деген казак-орыс шекарашылар отрядына бөрідей тиген қос сұлтанның қасына келіп: «Пай, мына екеуі қазақ арасында ерекше жаралған жандар екен. Өлгенде де өңдерін бермей, маржалар қызығып қарайтындай болып жатқандарын қарашы», – депті.

* * *

Жалғыз жаяу түн ортасы ауғанда баяғы Күрең жылқышының қосына кеп кірді.
– Аға, бұл мен ғой – Кенжеахмет.
Күрең бұны күтіп жатқандай тез басын көтерді де: «Кенжеахметпісің? Білгенмін келеріңді», – деді.
Күрең жылқышы Кенженің әйтеуір бір соғарынан күдер үзбесе керек, қостың сыртында отырып, аз ғана кеңес айтты.
– Сен ауылға аялдама. Қараңды көрсетпе. Осыдан жүріп отырып Сарнауаға жет. Сарнауаның сайында боз дөненің саяқ жүр. Ұстап мін де, арғы бетке тарт. Әкең, екі ағаң шәйт кеткен. Тек Құсекең ғана аман деп естиіміз. Мына Арасанның бекетінде жеңгең Жамал мен Нұрмұхамбеттің ұлы қалып барады. Амалын тапсаң соларды алып өт. Таппасаң амал кем. Ақиретте жүздесерсіңдер, – деді.
Кенжеахмет бала кезінен таныс сүрлеу соқпақтан табан аудармай жүріп отырып, таң қылаңында Сарнауаның шатқалына құлдилады. Қараса, ақбоз суатқа құлап барады екен. Айнала төңірек тез ашылып, түннің бояуы солғын тартқан шақ. Құлынынан қолға үйретіліп, Кенжеахметке бауыр басқан боз дөнен әуелі құлағын қайшылап, құйрығын тігіп, құйын-перен жоғалуға ыңғайланды да, таныс дауысты естіген бетте шұрқырап жетіп келді. Кенжахмет ақбозымен «бауырымдап» жылап көрісті. Боз дөнен де иесінің қолтығына тұмсығын тығып, бүгінгі мынау саяқ жүрісіне, жүдеу күйіне мұң шаққандай солқ еткен дыбыс шығарып, содан соң жер тарпып оқыранып жіберді. Жел қанат ақбоз айдалып кетпесе де, аямастың азабын тартқан сияқты: арқасын ер қажап, аяғын тұсау қиыпты.
Бала жігіт ымырт үйіріле Арасан бекетіне жеткен.
Ілгеріде, іргесі шағын қалашыққа ұқсап өрілген Арасанның шипалы суына орыстың оқымыстылары, қазақтың қаратаяқтары, Қапалдың саудагер-татарлары үйір еді. Қысы-жазы Арасан өзгеше сән-салтанатымен көзді арбап, жасанып тұратын. Ендігі Арасан барқыраған мас дауыстарға толы, күкірт кеулеген, ыс тұмшалаған бекет болыпты. Соноу бір үлкен көк үйдің алдында орыс-казактар ортаға от жағып қойып, арақ ішуде. Бірлі-жарымы бос сенделіп жүр. Тағы бір шоғыры көк үйдің алдында мылтық майлап отыр. Оттың айналасындағылар әлдене деп барқырады. Балдыр-балдыр сөйледі. Қабырғасын Қарағайлының самырсын-шыршасымен қатарлап қалап, бояуды сіңіре сырлаған көк үйден екі әйел шықты. Алдыңғысы орыстың маржасына ұқсайды: екі жағына кезек ырғалып, кеудесін жайқай тастап, соңындағы әйелге әлденелерді көтерткізіп әкеле жатыр. Жамал! О, тоба! Жазбай таныды. Мынау – ақманар сұлу ақ жеңешесі ғой! Жұрттың қолы тиген майлық-сулықты ұстамайтын қайран жеңге қорлыққа көніп қалса керек: аяқ-табаққа орыстың арағын салып алыпты. Осының бәрін көк үйге жақын тасадан баққан бозбала қыстығып жылап жіберген. Жағасын, жеңін тістелеп үнсіз егілген. Кенет, көк үйден басына үкілі тақия киген кішкентай Жанасыл жылап шықты. Шырқырап, құлдыраңдап келеді. Апасын іздеп қалған-ау... Әлденеден шошынып, қорықты ма екен? Әлде, мына қорқаулардың бірі шапалақпен осып салды ма? Әйтеуір, сәбидің емес, зәбір көріп, запа шеккен үлкеннің зарын салып шырылдайды. Сәби үнді, бала бейнелі үлкен кісі ме дерсің. Үнінде қорқып, шошынғаннан гөрі айналасындағы сұмдықты нәресте жүрегімен сезінген қорғансыздықтың, қайғының, қорлықтың ащы зары
бар. Тақиясындағы үкісі де ебіл-дебіл: қорқаулар ортасында ұшып жүрген сәбидің періште жанындай желп-желп етеді. Сол кезде... тап сол кезде, мылтығының ұңғысына май жұтқызып отырған мұжықтың бірі тақияның төбесінде үлпілдеген үкіні көздей бере шүріппені басып
салған. Қорғасын оқ қас-қағымдық зуылмен түн бауырын қып-қызыл шоқ болып сызған күйі ысқырып барды да, сәбидің бас сүйегін қақырата тіліп өтті.

* * *

Ақбоз ат бауырымен бұлт кешіп келеді. Аспан таулар ат тұяғының астында тас бұлттарға айналып, күтір-күтір етеді. Кейде меңіреу тас бұлттардың түпсіз терең қойнауы жаңғыра шулап, жамырай жөнеледі. Сені де жұтып әкететіндей шыңырау түбінен самбырлайды. Бір сәт адасып, тоқырағандай айналшықтаған ақбоз мойнын төмен сала берді де, шөкелей түсіп дем тартты. «Біткен жерім осы екен, – деп ойлады бала жігіт, – біткен жерім осы болды». Кенет, ақбоз жылқы баласының
әдетінде жоқ еппен еңбектей берген. Еңбектей бере дем тартады. «Бұ не?» Кенжеахмет ерден сырғып түсіп, ақбоздың иіскелеген жеріне үңілген. Көзі үйренгенше үңіліп қарай берген. О, Тәңірім, міне, қара! Ақбоз арлан қасқырдың ізінен түскен соқпақты тауыпты. Бөрі соқпақ. Соны иіскеп жан шақырып, бағыт түзегендей. «Иә, Алла, жар бола гөр! Я, аруақ!» Кенжеахмет ақбоздың жалына жармасқан. Боз дөнен бұлтты сүзіп, мұзарт шыңдардың қылыш жүзді қырлауыт жондарына тұяғын жебедей қадады.
Тұман сейіліп, маңай жазылғанда бала жігіттің алдынан «Елмісің, жаумысың?!» деп ақырған жарақты топ шыға келді. Бұл – топ «банды» аталған Жөкей батырдың жігіттері еді. Жөкей – арғы-бергі елге тең пайдасын тигізіп, бекет-қамалдарда бекінген орыс-казактарға ойран салып тұратын тау тағысы, жырынды ердің өзі еді.

Бала жігіт батырдың алдында бастан кешкен жайының барын ақтарды. Жөкей де бәрінен құлағдар екен. «Ағаң Құсайын Ойманбұлақ жақта. Немере бауырларың да – сонда. Алдың ашық, заулай бер. Бірақ, мына ақбозыңды тастап кет», – деді. 

– Батыр аға, – деді бала жігіт, – ақбозды сізге тарту етейін, сіз маған Күрнесті қандап беріңіз.
– Болады.

* * *

Біздің жақта ел айтушы еді: Жөкей батыр ақбоз ат мініп Жоңғар Алатауынан түсіпті. Ақбоз ат тегінде жай жылқы емес, бұлттан жаралса керек. Шауып келе жатып көрінеу көзге жоқ болып кетеді екен. Соңында түтіліп ақ шуда ғана қалады дейді. Сонысына қарағанда, расында, бұлттан жаралған-ау... деп.
Әлқисса. Сонымен, Жөкей батыр ақбоз ат мініп Жоңғар Алатауынан түседі. Түседі де, Арасан бекетіне келеді. Бөрідей тиіп, қамалдағыларды қасқырдай талайды. Бірақ, жалғыз екен. Жігіттерін ертпепті. Күрнестен алар жеке кегі болғанға ұқсайды. Жалғыздың аты жалғыз емес пе, әлде, ішкі есебі солай ма екен, батыр шығанға шығып ақбоздың басын қоя береді. Курносов әскерімен «жау қаштылап» қуып береді. Сонда, Жөкей ақбоздың басын кері бұрып, жұлдыздай аққан күйі Күрнестің кеудесіне қорғасын оқтың бірін қадап кете барыпты.

* * *

Апан-қаладан ауған абадан бөрі соқпағын тапты.

* * *

Әйгілі ақын-жазушы атанғалы жүрген үшеуді даяшының ескертуі елең еткізген жоқ. Олар мас еді. Шаһар жұрты тегіс мас болатын. Бір қызығы, бәрі де сол күні білгендерін көйітіп, қасқыр туралы әңгіме айтыпты. Өйткені: сол түні бөрі соқпағын тапқан абадан қасқыр аспан астын күңірентіп ұзақ-ұзақ ұлыған еді. Ай толыпты.

1 ішінен 2 беті