Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

Таным


Құлтөлеу МҰҚАШ 1959 жылы Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кенішінде туған. Еңбек жолын туған жеріндегі шахталардан бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Әр жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, «Қарағанды жастары» газетінде бас редактордың орынбасары, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ Әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақстан мектебі» журналы бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасында бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Қазақ үні» газетінде бас редактор. 
 ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Ардақтым Ниетқалиева 2006 жылы Атырау қаласында туған. Қазір көп салалы Жоғары "Болашақ" колледжінде фармация мамандығы бойынша білім алуда, 3-курс студенті. "Ардақтымның ертегілері" атты ертегілер жинағы, "Ботақан", "Құлыншақ" атты балаларға арналған өлеңдер жинағы жарық көрген. "Қазақтың ұлттық тағамдарын инновациялау" тақырыбында ғылыми жұмыс қорғаған.

Қалампыр Кенжеғалиқызы 1953 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1979 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы республикалық кітап баспасы қызметімен, ресми аудармамен байланысты.

Мақалалары, сыр-сұхбаттары, әңгімелері мен өлеңдері республикалық «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш» газеттерінде және «Жұлдыз», «АруЖан», «Балбұлақ» журналдарында жарияланып тұрады. Замандастары жайлы жазылған сыр-сұхбаттары және  әңгімелерімен оқырман қауымға танымал автор қандай тақырыпқа қалам тартса да қазақы тәрбиенің үлгісі мен адамгершілік жайында ой толғайды, қоғам дамуындағы ұлт перзентінің бейнесін, болашағын сөз етеді.

Автордың тұңғыш кітабы «Тал шын» деген атпен жарық көрген.  

5 ішінен 6 беті