Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй +77757206599 +77786810499 gzada66@mail.ru

Қоғам және Мемлекет қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына оралған сайын ол кісінің Атырау жұртымен кездесуінде айтқан сөзі ойыма түседі:

Баян Болатханова 1956 жылдың 27-тамызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Кастек ауылында дүниеге келген. КазГУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, «Кездесу», «Гаухартас», «Қазақтың Қаршығасы», «Шипагердің шын сыры», «Бибіажар мен Бойтұмар», «Қарагөз-ғұмыр» және басқа көркем және деректі повесть, әңгімелер жинақтарының авторы, жазушы, баспагер. 

Ертегі

Антон Павлович Чехов 29 қаңтар 1860 жыл, Таганрог, Екатеринослав губерниясында дүниеге келген. Орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған. Ол қысқа мысалдар жазушысы ретінде әдебиетте танымалы. Чехов драматург ретінде де көптеген пьесалар жазған.  Германияның Баденвайлер қаласында 1904 жылы, 15 шілде күні өмірден өткен.


Түнгі сағат он екі еді.
Елеуреп, үрпе-түрпесі шыққан Митя Кулдаров, өз әке-шешесінің пәтеріне құстай ұшып кірді де барлық бөлмелерді жылдам аралап шықты. Әке-шешесі ұйқыға жатып қалған. Қарындасы төсегінде, романның ең соңғы парақтарын оқып жатқан. Гимназист-бауырлары ұйықтап қалған.
-    Сен қайдан жүрсің?-деп таңғалды әке-шешесі,- Саған не болды?
-    Ой, сұрамаңдар! Мен тіпті күтпеп едім! Жоқ, мен мүлде ештеңе күтпегем! Бұл...бұл тіпті адам сенгісіз!
Бақыттан, аяғынан түрегеп тұруға әлі құрыған,  Митя қарқылдай күліп, креслоға отыра кетті. 
-    Бұл адам сенгісіз! Сіздер тіпті елестете де алмайсыздар! Міне, қараңыздаршы!
Қарындасы төсегінен атып тұрды да үстіне көрпесін жамыла сап, ағасына таянды. Гимназистер оянды. 
-    Саған не болды? Өң-түсің жоқ қой!
-     Шешей, бұл қуаныштан! Енді мені күллі Ресей біледі!Түгел! Бұл жарық дүниеде колледж тіркелушісі Дмитрий Кулдаровтың барын  бұрын тек сіздер ғана білдіңіздер,  ал енді бұны күллі Ресей біледі! Шешей! О, құдай-ау!
Митя атып тұрып, барлық бөлмені кезіп шықты да қайта отырды.
-    Ия, не болды сонша? Дұрыстап айтсаңшы!
-    Сіздер жабайы аң құсап тірлік кешудесіздер, газет оқымайсыздар, жариялылыққа ешқандай көңіл аудармайсыздар, ал газеттерде қаншама көп кереметтер бар! Егер бірдеңе бола қалса, қазір бәрі әйгілі, ештеңе жасырын қалмайды! Мен қандай бақыттымын! О, құдай-ау! Газеттер тек атақты адамдар жайлы ғана басады ғой, ал енді алыпты да мен туралы басыпты!
-    Не дедің? Қайда?- Әкесінің өңі бозарып кетті.  Шешесі құдай бейнесіне көз тастады да шоқынды. Гимназистер ұшып тұрып, ұйықтағанда киетін етегі шолақ жалғыз жейделерімен,  үлкен ағаларының қасына таянды. 
-    Ия, тап солай! Мен туралы басыпты! Енді мен жайлы күллі Ресей біледі! Сіз, шешей, мына нөмірді естелікке сақтап қойыңыз! Анда-санда оқырмыз. Қараңдар!
Митя қалтасынан газет нөмірін суырып алып, әкесіне берді де көк қарындашпен қоршалған жерін саусағымен шұқыды.
-    Оқыңыз!
Әкесі көзілдірігін киді.
-    Оқысаңызшы!
Шешесі құдай бейнесіне қарады да шоқынды.Әкесі жөткірініп алып, оқи бастады: «29 желтоқсанда  кешкі сағат 11-де колледж  тіркелушісі Дмитрий Кулдаров...
-    Көрдіңдер ме, көрдіңдер ме? Әрі қарай!
-    ...колледж тіркелушісі  Дмитрий Кулдаров, Козихиндер үйіндегі Кіші Бронныйдағы шарапханадан мас күйінде шығып...
-    Бұл мен ғой Семен Петровичпен... Бәрі егжей-тегжейлі сипатталыпты! Жалғастыра беріңіз! Әрі қарай! Тыңдаңдар!
-    ...мас күйінде шығып, аяғы тайып кетіп, Юхновск уезіндегі Дурыкин қыстағының шаруасы Иван Дротовтың ат айдаушысының атының астына құлады. Үріккен ат, Кулдаровты аттап өтіп, екінші гильдиялы мәскеулік көпес Степан Луков отырған шананы оның үстінен сүйреген күйде көшемен зымырады және оны аула сыпырушылар тоқтатты. Бастапқыда ес-түссіз халде жатқан Кулдаров полиция бөлімшесіне апарылып, дәрігер куәгерлік етті. Оның көкжелкеден алған соққысы...
-    Бұл мен ғой, әкей, соққы тиген. Әрі қарай!Сіз әрі қарай оқыңыз!
-    ...оның көкжелкеден алған соққысы, жеңіл деп саналды. Болған оқиға туралы хаттама жасалды. Зардап шегушіге медицналық көмек берілді...»     
-    Желкеге салқын су басуды  бұйырды. Оқыдыңдар ма енді? А? Міне, тап солай!  Енді күллі Ресейге кетті! Бері әкеліңдер! 
Митя газетті  алды да, бүктеп, қалтасына сұқты. 
-    Макаровтарға жүгірейін, оларға көрсетейін...Сосын тағы Иванецкийлерге, Наталия Ивановнаға, Анисим Васильичке көрсетуім керек...Зымырайын! Хош болыңдар!
 Митя күнқағарлы фуражкесін  киді де масаттана, шаттанып көшеге  шауып шықты.
Орыс тілінен қазақшаға аударған: Заря ЖҰМАНОВА 

Мағиза Құнапияқызы 1972 жылы 15- ші қарашада Қытайдың  Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Шұңқыр ауылында туған.
Қытайдың «Тұлпар» әдеби сыйлығының иегері.
2000 жылы Қытай қазақтары арасында тұңғыш рет өткен жыр мүшәйрасының 1-орын жеңімпазы.
2000  жылы Қазақстанға  қоныс аударған.
Таңжарық Жолдыұлы атындығы, Артығали Ыбыраев атындағы, Сәкен Иманасов атындағы, «Ару қала Алматы», «Жадыра жайна, Астана!»  тақырыбында өткен мүшәйраның жүлдегері.
«Жас толқын», «Талбесік» қатарлы жинақтарға өлеңдері енген.
«Қызыл Шолпы», «Ай жүзіне көп қарап», «Қызыл қайың»  жыр жинақтарының авторы.
Ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі

 

1963 жылы 10 мамырда ҚХР, ШҰАР, Баркөл Қазақ автономиялы ауданына қарасты Ботамойын қыстаулығында туған. Шиынжияң университеті филология факультетін тәмамдаған. Қазақ әдебиеті маманы. Баркөл педагогика мектебінде оқытушы, «Құмыл алқабы» журналының бас редакторы, «Шұғыла» журналының бас редакторы  қызметтерін атқарған. Қытай жазушылар қоғамының мүшесі, Шиынжияң жазушылар қоғамының жорасы, Шиынжияң мерзімді журналдар қоғамының орынбасар бас хатшысы.
«Құлан ғұмыр», «Құралайдың салқыны», «Сексеуілдің шоғы», «Қоңыр адыр» атты жыр кітаптары және отызға жуық әңгіме-хикаяттары, отыздан аса ғылыми зеріттеу мақалалары жарияланған. Қырғыз халқының дүниеге әйгілі «Манас» дастанының төрт томын қазақшаластырған. 
Өлеңдері қытай елінде бірнеше рет сыйлықтарға ие болған, Қазақстанда өткен халқаралық жыр мұшайрасында екінші дәрежелі  дипломмен марапатталған .

4 ішінен 6 беті