- Толығырық
- : Қоғам
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 43
Қазақ публицистикасында ұлттың рухани болмысын, қоғамның шындығын және уақыттың тынысын терең сезіне білген қаламгерлердің орны ерекше. Солардың қатарында Төлеген Жаңабайұлының шығармашылық мұрасы айрықша маңызға ие. Оның публицистикалық еңбектері қоғам өмірінің сан алуан мәселелерін қамтып қана қоймай, оқырманды ойландыруымен, ұлттық санаға қозғау салуымен құнды. Қаламгер шығармаларында дерек пен көркем ой, тарихи таным мен азаматтық ұстаным табиғи үйлесім тапқан.
- Толығырық
- : Қоғам
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 589
Республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Сарайшық» журналы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің біріккен жобасы аясында «Маржан Ершудың суреткерлік эстетикасы: шығармашылық психологиясындағы иірімдер мен көркемдік өлшемдер» атты кітап шыққан еді. Бұл кітапта университет студенттері мен магистранттары қаламгердің шығармаларын оқырман қауымға талдай әрі таныстыра отырып, оның шығармашылық өсу жолдарын, әдеби портретін өрнектеуге ұмтылған. Кітап оқырман қауымға ұнады. Бұл сыр-сұхбат осы кітаптың жалғасындай десе де болады. Университеттің Көптілді білім беру факультеті студенттері филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Маржан Ершуға сұрақтарын жолдап, сыр-сұхбат ұйымдастырған еді. «Сарайшық» журналының редакциясы аталған сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.
- Толығырық
- : Қоғам
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 534

- Көру саны: 323
- Толығырық
- : Қоғам
- Read Time: 1 min
- Көру саны: 535
Кез келген пенде - еңбек майданының майталманы да, ел аузына ілінген ақиық азамат та ата-ана, ауыл-аймақ, жолдас-жора ықпалымен қалыптасып, азамат ретінде бұғанасын бекітіп, бойын тіктейді ғой. «Адамды Заман билейді» деп Абай атамыз айтқандай, әркім өз Заманының, Уақытының перзенті. Осы Уақыт туралы ой өрбіткенде көбіне ағайындарымыздың өмір жолын кезеңге бөліп, қайнаған тірлікке араласқан сәттерін бейнелеуден әрі аспай жатамыз. Ал, ақиқатына жүгініп, болар ұлдың алмастай өткірлігі мен өжеттігінің, алымды-шалымдылығының немесе қарапайым, біртоға баланың қақ-соққа жоқтығы мен момындығының түп-төркіні тал бесік пен жер бесік аралығындағы Уақыт ықпалында ғана емес, Замана билігінде жатқандығына мән бере қоймаймыз. «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай бір қоймас тегіне» дегендей, кісінің жан жомарттығы мен батыр-бағландығын немесе тақуалық тағылымдылығын ауыл-үй арасынан емес, сонау тарих қойнауынан, Заман белестерінен іздеуіміз керектігі, міне, сондықтан.